Ерен ерлік – мәңгілік ел жадында

Ерен ерлік-мәңгілік ел жадындаҰлы Жеңістің 68 жылдық мерекесі қарсаңында Көліктегі ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Әлібек Оразғалиев пен Ардагерлер кеңесі төрағасының міндетін атқарушы Есбол Шаймерденов Ұлы Отан соғысының ардагері, ішкі істер органдарының зейнеткері, отставкідегі полиция подполковнигі Иван Караваевтың үйіне арнайы барып, қарт майдангерді 7 мамыр –Отан қорғаушылар және 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мейрамдарымен құттықтады.
Департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі Әлібек Оразғалиев Иван Дмитревичке мықты денсаулық, ұзақ өмір тілеп, оған гүл шоқтары мен сыйлықтар табыс етті. «Сіздердің Отан алдында жасаған ерен ерліктеріңізді біз ешқашан ұмытпаймыз. Жанкешті батырлықтарыңыз бен қайсарлыққа толы мінездеріңіз қашанда жас ұрпаққа үлгі-өнеге. Енді Ұлы Жеңістің 70 жылдығын бірге қарсы алатын болайық», – деді полиция полковнигі. Бүгінде сексеннің сеңгіріне шыққан ардақты ардагер соғысқа шақырылғанда небәрі 17 жаста еді. 1943 жылдың қыркүйегінде Термез қаласындағы әскери-офицерлер училищесіне шақырылып, кейін батарея командирі болып Украина майданына жіберілген. Днепрден Прагаға дейін Днепродзержинск, Одесса, Кишинев, Бухарест, Будапешт, Вена, Прага сынды қалалардағы сұрапыл шайқастарға қатысады. Ұлы Жеңіске қол жеткізген 1945 жылы Иван Караваев Қиыр Шығысқа Жапонияға Манчжурияны азат етуге жіберілген. Бұдан соң Германияның Подстам қаласында кеңес әскерлері қатарында болады. Ұлы Отан соғысы жылдары көрсеткен ерлігі үшін ол «Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медалі, «Қызыл жауынгер белгісі» ордені, Отан соғысының І, ІІ дәрежелі ордендерімен және басқа да мерекелік медальдармен марапатталған. Отанға оралғаннан кейін көп жылдар бойы Әскерилендірілген теміржол күзетінің бастығы болып қызмет атқарған ардагердің ішкі істер саласында атқарған еңбегі де елеулі. Еліміздің көлік сақшылары ҰОС қатысушы ардагерлерді жыл сайын төл мерекелерімен құттықтап, сыйлықтар тарту етуді дәстүрге айналдырған. Бүгінгі күні Көліктегі ІІД мен оның бөліністерінің жанында Ардагерлер кеңесі тұрақты түрде жұмыс істеп келеді. Олар ҰОС ардагерлері мен ішкі істер органының зейнеткерлеріне әрдайым көңіл бөліп отырады. Департаменттің Кадр жұмысы басқармасы қызметкерлері қазірдің өзінде-ақ ішкі істер органдарының барлық ардагерлері мен ҰОС мүгедектеріне материалдық көмек көрсеткен.

Көліктегі ІІД Баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*