Астанаға АН-74ТК-200 ұшағы қонды

Астанаға АН-74Т-200 ұшағы қонды (1)Жақында елордадағы Ішкі әскер авиациясы алаңына Ан-74ТК-200 ұшағы қонды. Бұл әуе кемесін ІІМ Ішкі әскерлері қажеттіліктеріне сатып алған еді. Ұшақтың тұсаукесер рәсіміне Ішкі істер министрінің орынбасары, генерал-майор Амантай Күреңбеков арнайы қатысты.
Украинада арнайы тапсырыспен құрастырылып, сыналған ұшақ қатаң бақылаудан өткен. Кез келген ауа райында ұшып-қона алатын «алып құс» мамандардың айтуынша, өз санатында ең үздiк әрi сенiмдi. ІІМ Ішкі әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Руслан Жақсылықовтың мәлімдеуінше, әуе кемесі жауынгерлiк мүмкiндiктерді бiрнеше есеге арттырып, ауыр техника мен әскердi оңай тасымалдайды. Андронов санатының бұл ұшағын қолдану да қарапайым. Он тоннаға дейін жүк көтеріп, сағатына 650 шақырымға дейін Астанаға АН-74Т-200 ұшағы қонды (2)ұша алады. Сондай-ақ, тәжірибелік қашықтығы 4700 шақырым, 10100 метр биіктікке еркін самғай алады. Ұшақ Қазақстан әуежайларына, еліміздің ауа райы ерекшеліктеріне қарай ыңғайластырылып құрастырылған. Сондықтан да Ішкі әскерлер комитеті келешекте осы санаттағы ұшақтардың бiрнешеуін сатып алуды көздеп отыр. Харьков мемлекеттік авиациялық өндіріс кәсіпорнының бас директоры Анатолий Мялицаның айтуына қарағанда, әуе кемесінің қызметтік жөндеуі Қазақстанда өтсе, 5 жылда бір өткізілетін толыққанды жөндеу Украинада жүзеге асады екен. Кәсіпорынның бас директоры Қазақстанның индустриялық дамуына үлес қосуға ниетті екендіктерін білдіріп, бұған дейін де көптеген мемлекетпен келісім жасасқандарын тілге тиек етті. Бұдан соң IIМ Iшкi әскерлерiнiң бас қолбасшысы Р.Жақсылықов полковник Бауыржан Бөтенбаев бастаған қазақстандық ұшқыштарға сертификаттар табыс етсе, украиналық әріптестерінің иықтарына қазақы дәстүр бойынша шапан жапты. Соңғы уақытта ұшақ апатының жиілеп кеткені жасырын емес. Сол себепті де әуе кемелерінің қауіпсіздігі басты назарда тұр. Отандастарымыздың өмірін жалмаған орны толмас апаттар Украинадан шыққан ұшақтарға байланысты екенін айтпай тұра алмаймыз. Алайда, мамандар бұған алаңдаудың еш реті жоқ дейді.

Ғани АТЫМТАЙ, сурет Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*