Ант беру – адалдықтың белгісі

Ант беру-адалдықтың белгісіАстана қаласы Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесіне жұмысқа қабылданған жас мамандар күзет қызметінің ардагерлері, басшылық пен жеке құрам алдында өзіне жүктелген міндеттерді бұлжытпай орындап, Отанға, туған елге адал болуға серт берді.
Салтанатты шара еліміздің Әнұранымен басталып, жеке құрам қызметкерлері көкке көтерілген көк байраққа қарап сап түзеді. Салтанатты шараға Астана қаласы МКҚБ ММ бастығы, полиция полковнигі Серік Аманжолов, бастықтың орынбасарлары – полиция подполковнигі Батырбек Бабаев пен полиция капитаны Оралбек Омаров, ішкі істер органдарының ардагері, отставкідегі милиция полковнигі Манап Қожахметов, Астана қалалық МКҚБ ММ Кадр жұмысы бөлімінің бастығы, полиция капитаны Марат Андыров пен жеке құрам қатысты. Шара шымылдығын құттықтау сөзімен ашқан Серік Әжібекұлы: «Жауапкершілігі жоғары қызметті атқарып отырғандықтан МКҚБ-ның әр қызметкері өзінің қызметтік борышын тиянақты орындауға міндетті, себебі қарапайым халық бізге үлкен сеніммен қарайды. Сондықтан қызмет барысында кездесетін түрлі қиыншылықтарға төзе біліп, батыл да, қырағы болуларыңыз керек», – деп жас сақшыларға ағалық ақылын айтты. Шара барысында қатардаға және кіші басшы құрамдағы бірқатар сақшыларға арнаулы атақтар берілді. Астана қаласы МКҚБ бастығының арнаулы атаққа ие болғандардың қатарында МКҚБ мм 2-жеке полиция батальонының полицейі Е.Қабденов, 2-жеке полиция батальоны взвод командирінің көмекшісі С.Оразалин, 1-жеке полиция батальонының полицейлері – М.Ахынов пен А.Сәрсенов, С.Асқарбек, Н.Сүлеймен, Б. Тасболатов бар. Өз кезегінде Ардагерлер кеңесінің төрағасы, зейнеткерлікке шықса да қызметтен қол үзбей, ізбасарларына жол көрсетуден жалықпаған ардагер, отставкідегі милиция полковнигі Манап Уахитұлы да жас мамандарға сенім білдірді. «Әскери ант қабылдау – ежелгі замандардан сақталған дәстүр. Оның қазіргі заманғы мән-мағынасы – мемлекеттегі құқықтық тәртіптің түпкі мақсат-мүддесін, халық пен полицейлердің қарым-қатынасын айқындайды. Ант қабылдау – маңызды құқықтық және саяси-тәрбиелік шара. Жарты ғасырдан аса тарихы бар бұл қызметке білім-білігі, спорттық шеберлігі бір арнада тоғысқан азаматтар ғана қабылданады. Бұл қызметтің жауапкершілігінің ауыр. Сондықтан, әрқайсымыз өз қызметімізге тиянақты қарап, барынша еңбектенуге міндеттіміз. Ант қабылдап, жаңа өмірге қадам басып отырған жас сақшыларға ең алдымен мықты денсаулық, қызметтеріңізге табыс тілеймін», – деген ақсақал жас мамандарға ақ батасын берді. «Саламатты өмір салтына ұстанып, түрлі спорттық жарыстарда бақ сынап жүрген мекеме командасы астаналық горнизон бойынша ұйымдастырылатын додаларда жүлделі орындардан көрініп жүр. Ұжымда қалыпты моральдік-психологиялық ахуалды сақтап тұру мақсатында тиісті сала мамандарының қатысуымен семинар-кеңестер ұдайы өткізіледі. Жеке құрамның қызметтік және жауынгерлік даярлық деңгейін көтеру мақсатында бұл бағыттағы сабақтарды өткізудің бірыңғай жүйесі белгіленген. Күзет қызметкері арнайы құралдарды, қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін игеріп, экстималды және төтенше жағдайларға дайын болу үшін арнайы бөліністердің тәжірибелі нұсқаушылары келіп сабақтар өткізеді», – деді сөз арасында С.Әжібекұлы.

Айнұр КЕНЖЕБАЕВА, суреттер Серік ЖОЛДАСПЕКОВТІКІ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*