Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Заманбекұлы ТҰРҒЫМБАЕВТЫҢ жаңа 2020 жылмен ҚҰТТЫҚТАУЫ

Ішкі істер министрлігінің басшылығы және жеке өз атымнан ішкі істер органдарының, қылмыстық атқару жүйесінің, төтенше жағдайлар бөліністерінің, Ұлттық ұланның жеке құрамы мен ардагерлерін, сондай-ақ, оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен тыңдаушыларын Жаңа 2020 жылмен құттықтаймын!
Жаңа жыл – бұл әрқайсымыздың өміріміздегі ең бір жарқын мерекелердің бірі. Бұл – болашаққа деген жаңа үміттер мен жаңа жоспарлар кезеңі.
Өткен жыл маңызды оқиғаларға толы болды. Соның ішінде, бұл кезең біз үшін Тәуелсіз Қазақстан тарихында ішкі істер органдарын ірі ауқымда реформалаудың басталуымен айрықша есте қалмақ.
Министрлік тарапынан саланы қайта жаңғырту бойынша көптеген шаралар кешені қабылдануда. Соның ішінде ішкі істер органдары қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне арналған әлеуметтік кепілдіктерді жетілдіре түсу бойынша да жаңашылдықтар көп. Бұл ішкі істер саласында қызмет ету мәртебесін нығайта түсуде жаңаша серпін берері анық.
Еліміздегі қоғамдық қауіпсіздіктің мүлтіксіз сақталуы – ішкі істер органдарының мың-сан адамдық ұжымының қажырлы да жемісті еңбегінің нәтижесі деп білемін.
Бүгінгі таңда қазақстандық полиция еліміздегі қылмысқа қарсы пәрменді күресті және құқықтық тәртіпті нығайту мен қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жүзеге асыру үшін барлық қажетті жағдайлар мен мүмкіндіктерге ие.
Ішкі істер органдарының, қылмыстық атқару жүйесінің, төтенше жағдайлар бөлімшелерінің және Ұлттық ұланның қызметкерлері алдағы уақытта да құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау бойынша өздерінің қызметтік және әскери міндеттерін абыроймен атқара беретініне сенімдімін.
Баршаңызға мықты денсаулық, отбастарыңызға құт-береке және Отанымыз – Қазақстан Республикасының игілігі жолындағы қызметтеріңізге табыстар тілеймін.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*