Қауіпті учаскелердің «сақшылары»

Жол-көлік оқиғаларын төмендету және тас жолдарындағы апатты жағдайды тұрақтандыру мақсатында облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасы халықаралық, республикалық маңызы бар тасжолдардың және қаланың көше-жол желілерінің апаттық-қауіпті учаскелерінде жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын сатып алу және орнату бойынша шаралар қабылдады.
Бұны «ҚазАвтоЖол» АҚ, «КазахАвтоДор» ЖШС мердігерлік ұйымымен бірлесіп істеді және жеке кәсіпкер Дарбай Амангелді Хаважұлы өз бастамасымен демеушілік көмек көрсетті.
Мәселен, 23 желтоқсан күні қала сыртындағы тасжолдардың 20 мекенжайы бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты қысқы кезеңде 5.18.1 «Ұсынылатын жылдамдық» жол белгілері орнатылады, сондай-ақ, жүргізуші құрамы арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында күн сәулесінен жұмыс істейтін дабыл-дауыс зорайтқыш құрылғысы бар патрульдік автокөліктердің макеттері орнатылады.
Жаңа макеттердің ерекшелігі – жарқылдауық маяктардың болуы, бұл тәуліктің қараңғы уақытында пайдалануға мүмкіндік береді. Электр қуатын макеттер күн батареяларынан алады. Тәртіп сақшылары автокөлік жолдарының апатты қауіпті учаскелерін анықтады.
Тәуліктің қараңғы уақытында жұмыс істеп тұрған маяктар кезінде макеттер нақты патрульдік машинаға ұқсайды.
Облыс орталығында көлік құралдарын мәжбүрлеп тоқтату және жүргізушілердің назарын аудару үшін реттелмейтін 3 жаяу жүргіншілер өткелінде пайдаланылатын жасанды тегіс емес жол және жарық шағылыстырғыш элементтерді (катафоттар) орнату жоспарлануда.
Жоспарланған іс-шаралар жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, бұл апаттық-қауіпті учаскелердегі ЖКО санын азайтуға мүмкіндік береді.

Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*