Ел үшін еңбек – абырой бермек

Полиция майоры Руслан Шманов ішкі істер органдарындағы қызметін 2000 жылдан бастаса, Маңғыстау стансасындағы Желілік полиция бөліміне 2006 жылы келді. Ол еліміздің төрт қиырын жалғап жатқан темір жол бойындағы қауіпсіздікті сақтауға өзінің саналы ғұмырын арнап келеді.
Руслан Тілегенұлы ішкі істер органдарындағы қызметін осыдан 19 жыл бұрын Ақтөбе облысы Полиция басқармасының полицейі лауазымынан бастап, 2006-2016 жылдар аралығында Маңғыстау стансасындағы Желілік полиция бөлімі есірткі қылмысына қарсы күрес тобының аға жедел уәкілі ретінде қызметін атқарған.
Ауа райының ыстық-суығына қарамастан, темір жол бойындағы ең шалғай стансаларында өзіне жүктелген құқық тәртібін қамтамасыз етудегі міндеттерді үлкен жауапкершілікпен атқарды.
Оның қоғам қауіпсіздігі жолындағы қызметі шырғалаңға толы. Сондай оқиғаның бірі – 2015 жылдың 18 қарашасында орын алды. Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде №377-378 «Маңғыстау-Алматы» бағытындағы жолаушылар пойызында 1970, 1979, 1982 және 1983 жылы туған төрт азамат ұсталып, олардан аса ірі мөлшерде марихуана есірткі заты тәркіленді. Бұл қылмысты ашуға Желілік полиция бөлімі қызметкерлерінің, соның ішінде Руслан Тілегенұлының қосқан үлесі зор.
Ол бүгінде жеңіл атлетика және еркін күрес разрядтарының иегері. Еркін күрес бойынша өткен Қазақстан чемпионаттарында бірнеше рет жүлделі орындардан көрінген. Балалық шағында еркін күреске ден қойып, ер жеткен кезінде шындап айналысқан. Руслан Тілегенұлы көптеген облыстық, республикалық турнирлерге қатыса жүріп, шеберлігін арттыра түсті. Қызмет жылдарында полиция майорын бірнеше рет Ішкі істер министрлігі мен Көліктегі Полиция департаментінің басшылығы, Ақтөбе облысы Полиция басқармасының басшылығы кәсібилігі, қызметіне адалдығы үшін. Қазіргі таңда отбасылы, 4 баланың ардақты әкесі.
Бүгінде тәртіп сақшыларының оң имиджіне үлесін қосып жүрген атына заты сай жігерлі азамат Руслан Тілегенұлы полиция қызметінің ыстық-суығына қарамастан, қоғам қауіпсіздігі үшін абыройлы қызмет атқаруда.
Руслан осы қызмет жолында жүргенін мақтаныш тұтады. «Мен елімнің көлік сақшысы деген атына лайық болуға әр күні өзіме ант беремін. Отанымыздың тыныштығы – қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етушілер мен ел басшыларының басты назарында. Осы орайда Елбасы мен Мемлекет басшысның еңбектері зор!
Тұңғыш Президент – Тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасын қалаушы адам. Ол кісі қазақстандықтар мен халықаралық қоғамдастық мойындаған ғаламдық бастамалардың бастаушысы, отандастарымыздың құқықтары мен бостандықтарының қорғаушысы, елді кемел келешекке жетелейтін игі істердің қолдаушысы. Сондықтан да біздің жалпыұлттық мерекеміз – Тұңғыш Президент күні аясында Елбасымыздың істерін ұлықтау бізге парыз деп білемін!
Қазақстанның дамуына өз үлесімізді қосып, ел үшін қызмет етсек – біз үшін сол үлкен абырой», – деп ойын білдірді тәртіп сақшысы.

Көліктегі ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*