Жабық алаң ашылды

Ақтөбе облысының Өрт сөндіру қызметінде өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жаттығулары үшін спорттық жабық алаң ашылды.
Денешынықтыру және спорт мекемелері мемлекеттің ерекше қамқорлығына алынуы керек. Саламатты өмір салты – ұлт денсаулығының кепілі. Осыған орай жуырда Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру қызметінің №4 Өрт сөндіру бөлімінің базасында спорттық жабық алаңның салтанатты ашылуы өтті.
Шараға Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Асқар Төлешев, Өрт сөндіру қызметінің бастығы Дамир Ермағамбетов, Ақтөбе феррорқорытпа зауытының директоры Жалғас Мұсабеков, Ардагерлер кеңесінің төрағасы Бегіндік Айтқұлов, сонымен қатар, құрметті қонақтар, өртке қарсы қызмет зейнеткерлері Берік Нұрғалиев, Абзал Сағиданов, Мәлік Зұлқашев қатысты.
Лентаны кесу құрметі Асқар Төлешев және Бегіндік Айтқұловқа берілді. Содан кейін барлық қонақтар манеждің фойесіне өтіп, азаматтық қорғау полковнигі Дамир Ермағамбетов оларға қысқа экскурсия өткізіп, спорттық жабық алаңның жаңа бөлмелерімен, ерлер мен әйелдердің киім ауыстыратын бөлмелерімен, спорт залымен таныстырды.
Манеждің залында Өрт сөндіру қызметінің жеке құрамы сапта тұрды. Құрметті қонақтар құтқарушыларды көптен күткен спорт манежінің ашылуымен құттықтап, оларға сәттілік тіледі. Ашылу салтанатына қатысушыларға шағын концерттік бағдарлама ұсынылып, ақтөбелік өрт сөндірушілер-құтқарушылар спорт манежінің жаттығу мұнарасында өздерінің үздік қойылымдарын көрсетті.
Жаңа спорттық жабық алаңда күнделікті жаттығулар, сонымен қатар, гарнизонның офицерлері мен сержанттарына денешынықтыру сабақтарын өткізу жоспарланған.

Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*