ЕРЕЖЕЛЕР:

1. Пиротехниканы ешқашан қолдан сатып алма. Сатушыдан міндетті түрде тиісті құжаттарының болуын талап ет. Барлық фейерверктер сертификатталған, қазақ және орыс тілдерінде нұсқаулықтары, елге ресми түрде импортталғаны туралы мәліметі, сақтау мерзімі болуы тиіс.
2. Кез келген пиротехникалық өнімді пайдаланар кезде нұсқаулығын мұқият оқып шық. Олардың әрқайсының пайдалану ерекшеліктері мен қауіпсіздік ережелері болады.
3. Салюттар мен петардтарды ешқашан балалардың іске қосуына жол бермеңіз, тіпті сіз жандарында тұрсаңыз да. Олар тек тамашалаушы болып қана тұрсын.
4. Пиротехниканың үстінен төніп қарамаңыз және тұтанбай қалған жарылғыш затты қайта жағам деп қолға алмаңыз. Жанбай қалды ма, онда жайына қалдырыңыз. Бірақ, фейерверк тұтанбай тұрса, сәл күтуге болады. Өйткені, ол алдымен ішінде жанып, сосын атыла бастауы мүмкін.
5. Пиротехниканы аулада, үйдің ішінде, көліктің жанында, ауылдық жердегі шөп қоралардың қасында, сондай-ақ, қатты жел кезінде пайдалануға тыйым салынады. Әрбір жарылғыш затты пайдалануға болатын орындар нұсқаулықта жазылуы керектігін есіңізде ұстаңыз.

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*