Головкинге медаль тапсырды

Ішкі істер министрінің бұйрығымен Геннадий Головкин қазақстандық спортты дамытуға, халықаралық аренада еліміздің беделін арттыруға қосқан үлесі үшін, сондай-ақ, Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды.
Геннадий Головкин өзінің әуесқой мансабында ІІМ Ішкі әскерлерінің спорттық командасының құрамына кірген болатын.
«Геннадий Геннадьевич, ішкі істер органдары үшін сіз бөтен адам емессіз. Біздің қатарымызда «бұрынғы әріптесіміз» деген болмайды. Ішкі істер министрлігі және жеке өзім сіздің кәсіпқой бокстағы даусыз табыстарыңызды, сондай-ақ, Қазақстанда осындай ұлы спортшы бар екенін мақтан тұтамын. Жеңіске деген талпынысыңызбен және жігерлі рухыңызбен ІІМ-нің барлық жеке құрамына үлгі болып келесіз. Сізге жаңа жеңістер мен жетістіктер тілеймін!» – деді қазақстандық боксшыға медаль тапсырған министр Ерлан Тұрғымбаев.

ІІМ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*