Екі күндік қамақ

Павлодар қаласы пробация есебінде тіркелген сотталушы дөрекі сөйлегені үшін екі күнге қамаққа алынды.
Пробация қызметі есебінде тұрған сотталған Пробация қызметінің инспекторына дөрекі сөздер айтты. Ол ескертулерді ескермей, өзін агрессивті ұстап, үстелді басымен ұрған. Учаскелік полиция қызметкері шақырылып, ол сотталған азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады.
1984 жылы туған, бірнеше рет сотталған азамат К. қазіргі уақытта ұрлық жасағаны үшін бас бостандығын шектеу жазасын өтеуде. Павлодар қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылды. Сотта ол кінәсін мойындап, сол күні оның отбасылық проблемалары болғанын түсіндірді.
– Әдетте, есепке алынған азаматтар инспекторлармен заңға сәйкес дұрыс сөйлеседі. Алайда, сотталушының бұл әрекеті шеттен шыққандық, – дейді Павлодар қаласының Пробация қызметінің бастығы, әділет майоры Әсет Мынжасаров.
Сотталған екі күндік әкімшілік қамаққа қатысты жазасын өтеп шықты.

Мейрамгүл ТАЙБОТАЕВА, Павлодар қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*