Су айдындарындағы сақтық

17 желтоқсанда ІІМ ТЖ комитеті Нұр-Сұлтан қаласындағы су айдындарда адамдардың (балықшылардың) қаза болуының алдын алу бойынша рейдтік профилактикалық іс-шаралар өткізді. Рейд барысында балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтау туралы ақпараттық жадынамалар таратылды.
Аң аулау және балық аулау маусымның басынан Төтенше жағдайлар департаменттері қысқы кезеңде адамдардың қаза болуына жол бермеуге және ТЖ-ның салдарын азайтуға бағытталған іс-шаралар кешенін атқарды.
Ел бойынша – 59 (2018ж. – 59) мұз өткелі, 109 (46) жаяу өтпе жол және 968 (415) балық аулау орны анықталды.
Өткелдерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 4681 (2018ж. – 2164) ескерту белгілері, маңдайшалар (қалқандар) орнатылды.
Күн сайын өткелдер, мұз өткелдері және мұз астында балық аулау орындары орналасқан жерлерде мұз түзілуін бақылау бойынша жұмыс жүргізіледі. 15 желтоқсандағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Есіл өзеніндегі мұздың қалыңдығы 30 см құрайды (жаяу жүргіншілер үшін мұздың қалыңдығы 12 см кем болмау керек).
ТЖД қызметкерлері және балық шаруашылығы инспекциясы 1,6 мыңнан астам рейд жүргізді, оның ішінде балық аулау құралдарын сататын бөлшек сауда орындарында 25 мыңнан астам балықшыға жадынама таратылды, балықшылармен және мұз өткелдеріндегі тұрақты қатысушыларымен профилактикалық әңгімелесулер жүргізілді.
Елдің оқу орындарында 150 мыңнан астам оқушыны қамтыған 291 (2018 ж.-111) интерактивті сабақ өтті.
Сонымен қатар, қабылданған шараларға қарамастан, өкінішке орай, балық аулау және аң аулау маусымы басталғаннан бері (2018 ж. 1 қазаннан бастап 2019 ж. 15 желтоқсанға дейін) еліміздің су айдындарында балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан, сондай-ақ, мұз өткелдері арқылы өту кезінде 28 адам (оның ішінде 4 бала) қаза болды. 2018 жылдың осы кезеңінде 11 адам, оның ішінде 1 бала көз жұмды.
Ағымдағы жылы аң аулау және балық аулау маусымында адамдардың қаза болуының негізгі себептері:
1) 19 адам балық аулау кезінде (жағалаудан және/немесе жүзу құралдарынан) суға құлаған;
2) 4 адам балық аулау кезінде мұз астына түсіп кеткен;
3) ойнап жүріп 2 бала мұз астына түсіп кеткен, 2 бала суға құлаған;
4) 1 адам мұз өткелдері арқылы өту кезінде құлаған.
Аумақ бойынша алып қарасақ, қаза болғандар Солтүстік Қазақстан облысы, Ақмола (5 адамнан), Шығыс Қазақстан облысы (4), Батыс Қазақстан облысы (4/2), Қостанай (3/2), Алматы, Жамбыл (2-ден) және Ақтөбе (1), Қарағанды (2/0) облыстарының су айдындарында тіркелді.
Бұл ретте жедел-құтқару жасағының құтқарушылары 25 адамды (балықшыларды) құтқарды.

ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*