Болашақ сақшыларға сертификат

ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясына қыркүйек айында еліміздің түкпір-түкпірінен бастапқы даярлық курсына келген 180 тағылымдамашы 3 айлық курсын тәмамдап, оларға салтанатты түрде сертификат табыс етілді.
Салтанатты іс-шара Мемлекеттік Әнұранның орындалуымен басталды. Іс-шараға ішкі істер органдарының ардагері, Академия басшылығы мен қызметкелері қатысты.
Академия бастығы, полиция полковнигі Н. Биекенов бастапқы даярлық курсының тағылымдамашыларына азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау, кәсіби білікті маман болуын, қызметтік міндеттерін адал, әділ орындауын, меңгерген теориялық білімдерін қызметте қолданып, нағыз беткеұстар полиция қызметкері болуды тіледі.
Ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы милиция полковнигі С. Насыровқа сөз беріліп: «Сіздер болашақ тәртіп сақшыларысыздар! Қоғамдық тәртіпті сақтап, қарапайым халыққа көмек көрсетіп, жауапкершілігі мол, келешек ұрпаққа үлгі болуларың қажет», – деді ол.
Оқу ордамыздың алаңында 180 тағылымдамашыға ішкі істер органдарының ардагері, оқу ордамыздың басшылары, кафедра, бөлім бастықтары сертификаттар табыс етті. Сонымен қатар, оқыту курсы барысында оқуда, ғылымда және мәдени-көпшілік, қоғамдық іс-шараларға белсене қатысқан тағылымдамашыларға Академия бастығының грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді.
Аталған іс-шара соңында тағылымдамашылар атынан Ақерке Қайратбекқызы Академия басшылығына, професорлық-оқытушылық құрамына, жеке құрамға алғысын білдірді.
Бүгінгі таңда кең байтақ еліміздің тыныштығына жауап беретін, заңды жан-жақты жіті білетін, өздерінің қызметтік міндеттеріне тиянақты және қызмет барысында дұрыс шешім қабылдай алатын, қоғамдық тәртіпті күзететін, өзіне сенім арттыратын, абыройлы, парасатты полицей болу қажет. Академияны тұңғыш бітіріп шыққан біздің түлектер баршаға үлгі боларлықтай полиция қызметкері болатындығына сеніміміз мол!

ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы
Қостанай Академиясының баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*