Үздіктер қатарында

Петропавл қаласының №2 Мамандырылған өрт сөндіру бөлімі – республикадағы ең үздік мекемелердің бірі. ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті ұйымдастырған байқау-жарыста біздің өрт сөндірушілеріміз лайықты техникалық қару-жарақ пен өздерінің кәсіби дайындықтарын және жеңіске деген құштарлықтарын танытты.
ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде «Үздік өрт сөндіру бөлімі» атағын иелену үшін Х республикалық байқау ұйымдастырылды. Бастапқы ретте барлық қатысушылар өздерінің өңірлерінде қатаң іріктеуден өтті.
«Үздік өрт сөндіру бөлімі» байқауы екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде «Үздік бөлімше» атағына республиканың 400-ден астам өрт сөндіру бөлімі қатысты. Ең басты өрт деполарының құрал-жабдықтармен жабдықталуы сыналды. Аумақты абаттандыру, өрт сөндіру техникасын пайдалану сапасы және құрамның кәсіби дайындық деңгейі бағаланды. Жұмыс нәтижесінің әрбір көрсеткіші үшін бал қойылды.
Байқаудың бірінші кезеңін еңсере отырып, республиканың ең үздік атағын иеленгісі келген он алты аймақтың ең үздік бөлімшелерінің басшылары өзара сынға түсті. Екінші кезеңнің қатысушылары өздерінің кәсіби шеберліктерін және жеңіске деген талпыныстарын көрсете білді.
Байқау барысында қазылар алқасы мүшелері қатысушыларды бірқатар талаптар бойынша бағалады. Бөлімше басшыларымен өткен жұмыстың негізгі көрсеткіштерін көрсететін фотоальбомдар мен бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ, байқауға қатысушылар тестілеуден өтіп, өздерінің кәсіби білімдерін көрсетті.
Петропавл қаласындағы №2 Мамандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Данияр Әлімкин ең үздік балды иеленіп, алдына қойылған міндеттерін жоғарғы тұрғыда орындап шықты.
«ІІМ ТЖК Үздік өрт сөндіру бөлімі» байқауының барлық жарыс кезеңдерінің қорытындысы бойынша Данияр Әлімкин Нұр-Сұлтан қаласындағы әріптестеріне жол беріп, екінші орынды иеленді, ал үшінші орынға Шығыс Қазақстан облысының өкілдері жайғасты.
Атап айтқанда, бұл біздің жерлестеріміздің алғашқы жеңісі емес. 2013 жылы ТЖМ бөлімшелері арасында Петропавл қаласы №3 МӨСБ үздік деп танылды. Үздік үштікке кірген бөлімшелер ІІМ ТЖК төрағасының құрмет грамоталарымен марапатталды.
№2 МӨСБ ұжымын басқарып келе жатқан Данияр Әлімкин басшылығының қысқа мерзіміне қарамастан осы күнге дейін ол көптеген жетістіктерге жетіп үлгерді. Өзінің өрт сөндіруші мамандығы жолы сонау 2004 жылы Көкшетау техникалық институтынан басталған – ол жоғары оқу орнының курсантынан бөлімше басшысына дейінгі жолды жүріп өтті.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*