Жастар жылындағы жағымды істер

Өткен жылдың 5 қазанында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынды. Елбасы өз сөзінде жастардың барлық санатын қолдауға арналған бағдарламалар әзірлеп, ел болашағы, жас буын өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсетіп, қоғам өміріндегі белсенділігін арттыруды нықтап тапсырған болатын.
Жастар жылына байланысты Қармақшы аудандық Пробация қызметінің есебінде жастарды оңалту мәселелері бойынша «Қорқыт елі – Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігі мен Қармақшы аудандық «Жастар ресурстық орталығы» және Қармақшы аудандық Пробация қызметі арасындағы өзара ықпалдастық пен ынтымақтастық туралы меморандум жасалған.
Аталған меморандумда Пробация қызметінің есебіне алынған жастарды жұмысқа орналасуға және әлеуметтік көмек көрсетуге ықпал жасау, оларға саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында кездесулер мен дөңгелек үстелдер бірлесіп өткізу және тағы басқа тәрбиелік мәні бар іс-шаралар қарастырылған. Меморандум аясында Қармақшы аудандық пробация есебінде тұрған азаматтарды және жастарды әлеуметтендіру саласындағы әлеуметтік маңызы бар жобалар іске асып, аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтармен аудан жастары арасында дөңгелек үстелдер, мәдени және спорттық іс-шаралар, кездесулер өтті.
Жуырда Қармақшы ауданы әкімінің және республикалық денгейдегі қонақтардың қатысуымен «Жастар форумы» өтіп, сол жерде Қармақшы ауданы әкімінің «Аудандағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырылуына қосқан үлесі үшін Қармақшы аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Жүнісов Жақсыбек Әділханұлы Алғыс хатпен марапатталды.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*