Облыс әкімінің алғыс хаты

Облыс әкімі төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерін алғыс хатпен марапаттады.
Қызмет өтілінің 15 жылын Төтенше жағдайлар департаментіне арнаған білікті маман, азаматтық қорғау подполковнигі Әлімжан Қуандықовты облыс әкімі алғыс хатпен марапаттады.
Алғыс хатта: «2019 жылдың 26-28 қарашасы аралығында өткен республикалық әскери-экономикалық оқу-жаттығуын жоғары деңгейде ұйымдастыруға белсене қатыстыңыз. Алдағы уақытта да мол тәжірибеңіз бен біліктілігіңізді ел игілігіне жұмсайды деп сенеміз. Еңбегіңізге табыс, зор денсаулық, отбасыңызға амандық тілейміз», – делінген.
Әлімжанға алдағы уақытта да азаматтық қорғау саласында абыроймен қызмет ете беруіне тілек білдіреміз.

Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*