Консультациялық іс-шара

Шымкент қаласының полицейлері «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты кең ауқымды акция аясында отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық-консультациялық іс-шаралар өткізді.
25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз16 күн» акциясы өткен болатын.
Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының әйелдер құқығын зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері жергілікті тұрғындармен кездесіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық тақырыбына әңгіме өткізді.
Тұрғындарға қолданыстағы заңнаманың ережелері, атап айтқанда, ұрып-соғу үшін жауапкершілік, сондай-ақ, отбасында зорлық-зомбылық жасалған жағдайда әйел үшін іс-әрекет алгоритмі түсіндірілді.
Кездесу барысында барлық қатысушыларға жадынамалар, ақпараттық буклеттер, ІІМ-нің «сенім телефондары» және отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған дағдарыс орталығының байланыс телефон нөмірлері мен брошюралар табысталды.
Барлық қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*