Жасөспірім үшін заңды өкілі жауапты

Қызылордада «Жасөспірім» жедел профилактикалық шарасының екі күнінде полиция қызметкерлері 57 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
«Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Қызылорда қалалық Полиция басқармасының ювеналдық полиция бөлімшесі қызметкерлері профилактикалық бағытта біршама жұмыстар атқарды. Шара мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықты болдырмау бойынша алдын алу шараларын жүргізу.
2 күннің қорытындысы бойынша барлығы 57 әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, облыстық Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына қаңғыбастыққа салынып, бей-берекет жүрген 7 жасөспірім жеткізілді.
Атап айтқанда, ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша (кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде болуына жол беру) 9 адамға әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданды.
ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігі бойынша (кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын жайдан тыс жерде болу) 12 адамға, ӘҚБтК-нің 442-бабының 2-бөлігі бойынша (кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көшеде жүруі) 34 адамға және ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша (ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу және оларға білім беру жөніндегі міндеттерін орындамау) 2 адамға әкімшілік хаттама рәсімделіп, тиісті шара қабылданды.
Полиция басқармасының профилактикалық есебінде тұрған 21 қолайсыз отбасы мекенжайлары бойынша тексеріліп, олармен профилактикалық бағытта түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мектеп инспекторлары оқушылармен және колледж студенттерімен кездесулер ұйымдастырды.
Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табады.

Қызылорда қаласы ПБ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*