Аман алып қалды

9 желтоқсанда сағат 12:20-да Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ Жедел құтқару жасағына ер адамның мұзды суға түсіп кеткендігі жөнінде қоңырау түсті. Оқыс оқиға Алиев көпірі тұсында орын алған.
Азамат (40 жас шамасында) жұқа мұз үстімен өтпекші болған. Жарты жолға келгенде мұз ойылып, ер адам мұз астына түсіп кеткен.
Құтқарушылар Асқар Хамит, Арман Сәрсенбаев, Ринат Айбеков сағат 12:21-де (қоңырау түскеннен кейін 1 минут аралығында) оқиға орнына жетіп, құтқару операцияларына кірісті.
Бас құтқарушы Р. Айбеков Александров түйіні арқылы мұздың ойылған жеріне дейін жетіп, жедел түрде ер адамды шығарып алды. Ал құтқарушылар А. Хамит пен А. Сәрсенбаев арқанды тарту үшін команданы күтіп жағада қалды.
Ер адам суық судың әсерінен қатты әлсіреп қалған, сөйлеуге жағдайы болмады. Құтқарушылар зардап шегушіні жедел жәрдем бригадаларына тапсырды.
Құтқарушылар күн сайын профилактикалық іс-шаралар өткізіп, жұқа мұз үстімен жүру өте қауіпті екенін ескертуде. Бүгінгі күні Жайық өзеніндегі мұздың қалыңдығы 4-6 см.

Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*