Жыл басынан 150 бала зардап шекті

Ақмола облысының полицейлері балалардың жол-көлік жарақатының алдын алу жұмыстарын аяқтады.
5-8 желтоқсан аралығында Ақмола тәртіп сақшылары «Назар аударыңыз – балалар!» жедел алдын алу шарасын өткізді. Оың мақсаты – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, автокөлік жүргізушілерінің, әсіресе мектеп маңындағы жол қозғалысы ережелерін бұзуына тоқтау салу.
Статистика көрсеткендей, жыл басынан бері облыс жолдарында балалардың қатысуымен 121 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде 150 бала зардап шекті.
Полиция қызметкерлерінің айтуынша, кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған ЖКО-ның негізгі себебі – жақын келе жатқан көліктің алдынан бағдаршамның қызыл сигналына өту.
«Әрбір статистиканың артында адамның өмірі мен денсаулығы тұр. Әрбір ата-ана үшін баланың денсаулығы – басты құндылық. «Назар аударыңыз – балалар!» іс-шарасының басты міндеті – жолдардағы балалардың жарақаттануының алдын алу. Қабылданған шаралар жол-көлік оқиғаларынан ең кішкентай қатысушыларды сақтауға мүмкіндік беретініне сенімдіміз», – деп атап өтті полицейлер.
Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін сақтау және жол-көлік оқиғаларын болдырмау туралы дәрістер мен әңгімелер түрінде әртүрлі іс-шаралар өткізді.
Алдын алу шараларынан басқа полиция қызметкерлері мүдделі ведомстволармен бірлесе отырып, жол бойындағы қосымша білім беретін оқу орындары мен балалар ұйымдарының жанындағы жол инфрақұрылымын тексерді. Сонымен қатар, балалар жаппай жүретін жерлерде бағдаршам нысандары мен жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату мәселелері шешілмек.
Акция барысында жол қозғалысын қадағалайтын патрульдік полиция қызметкерлері жүргізушілерге балаларды автокөлік салонында тасымалдау кезінде бекіту құрылғыларын қолдану қажеттілігі туралы ескертті.

Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*