Толеранттылық – қоғам тірегі

10 желтоқсанда «Толеранттылық таным – жастар жолымен» республикалық мәдени-шығармашылық байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті.
Бұл шараны 16 қараша – Халықаралық төзімділік күніне орай «ASTANA JOBALARY» Халықаралық және республикалық жобаларды ұйымдастыру орталығы Президент жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-мен және «Отандастар қоры» АҚ-пен бірлесіп ұйымдастырды.
Оған Қазақстан халқы Ассамблеясының төраға орынбасары Шерзод Пулатов, журналист, ҚР Мәдениет қайраткері Зейін Әліпбек, «United Citizens Fund» ҚҚ төрағасы Абылайхан Қалназаров, «Отандастар Қоры» КЕАҚ өкілі Нұрымжан Жұмағазиев, ҚХА мүшелері, байқауға қатысушылар және жеңімпаздар, мемлекеттік мекемелер, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым, т.б. қатысты.
Байқау мақсаты – Қазақстан этностарының арасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған жастардың жаңашыл, қазіргі заманғы инновациялық ойлары мен идеяларын жарыққа шығару және оны жүзеге асыру. Жастар арасында ұлтаралық татулық пен толеранттылық түсінігін кеңінен насихаттау. Ұлтаралық бірлігі мықты елдің болашағы жарқын екендігін халыққа дәріптеу. Сонымен қатар, осы жолды ұстанатын жастардың еңбектерін бағалау арқылы олардың қоғам арасындағы беделін арттыру.
Жастарды марапаттау шарасына арнайы қатысқан «Saqshy» газетінің тілшісі Индира Ахметова еліміздегі толеранттылық қатынастың мән-маңызы туралы айтты.
– Қоғамның мықты болмағы – оны құраған сан түрлі ұлттардың өзара тату қарым-қатынасына байланысты. Бұл бірліктің нығаюына еліміздің әрбір мекемесі, әр саласы, соның ішінде ішкі істер органдарының қызметкерлері де өз үлестерін қосып келеді, – деді Индира Мейірбекқызы.
Шара барысында жастардың жазған еңбектері бір кітапқа жинақталып, ең үздік болып танылған еңбек иегерлері арнайы «Толарантты тұлға» медалі және дипломмен марапатталды.

И. АХМЕТОВА

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*