«Ыстық» сенбі

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ және оның ведомстволық бағынысты мекемелерінің қызметкерлері үшін өткен сенбі «ыстық» күн болды.
Қыс солтүстік қазақстандықтардың аязға төзімділігін тексереді, бұл тұрғын үй секторындағы өрттердің қауіп-қатерін арттырады. Сондықтан да алдағы мереке күндерін ескере отырып, 7 желтоқсанда тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру бойынша сенбілік жарияланды.
Бұл акция облыс орталығының жеке секторынан басталды. Департамент қызметкерлерінің тобы полиция қызметкерлерімен бірге шағын аудандардың тұрғын үй секторының көшелерін пысықтап, өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңес беріп, адамдармен әдепті әңгімелесті. Әрбір адамға өрт қауіпсіздігі ережелері баяндалған жадынамалар зерделеу үшін қалдырылды. Онда өрт қауіпсіздігі ережелері, өрт туындаған кездегі іс-әрекеттер, ТЖ немесе өрт болған жағдайда хабарласу үшін 101 және 112 телефондары көрсетілген.
Азаматтық қорғау офицерлері жергілікті атқарушы органдардың, полиция мен еріктілердің қатысуымен өткен рейдтік іс-шаралармен шектелмей, Қызылжар ауданының Малая Пресновка ауылының тұрғындарымен мұқият жұмыс жүргізілді. Ауылдық Мәдениет үйінде халық жиыны өтіп, департамент қызметкерлері әзірлеген әсем жадынамалар таратылды. Аталмыш іс-шарада сөз алған зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры Игорь Балеев және Қызылжар ауданы ТЖ бөлімінің қызметкерлері облыс және аудан аумағындағы жедел жағдайды жеткізді, өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіріп, пешпен жылытуға және улы газбен улану қаупіне назар аударды.
Әңгіме мүдделі жағдайда өтті, СҚО ТЖД құзыретіне кіретін сұрақтарға жауаптар берілді. Осы ауылда б 400-ден астам тұратын тұрғын 170-тен астам үй профилактикалық жұмыспен қамтылды.
«Адамдардың әл-ауқаты мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасай отырып, адамдарға нақты көмек көрсететіндіктен, біздің жұмыстың маңызы мол. Қазақстан Республикасындағы еріктілер қозғалысына Президент, облыс басшылығы ерекше көңіл бөледі», – деп атап өтті «Қызылжар ауданының жастар және балалар бастамалары орталығы» КММ директоры Жандос Ысқақов. Ол басқа да жастар өкілдерімен бірге ТЖ алдын алу іс-шараларына белсенді қатысуға ниет білдіріп отыр.

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*