16 желтоқсанға – 16 қайырымды іс

Жуырда Ақтөбе стансасындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Тәуелсіздік мерекесіне орай Ақтөбе облыстық қан орталығына ат басын бұрып, өз еріктерімен қан тапсырды.
Ақтөбе стансасындағы ЖПб-нің 15 қызметкері медициналық тексерістен өтіп, қандары сараптамадан өткен соң, олардан қан алынды.
«16 қайырымдылық іс» эстафетасын ұйымдастырып, шараның жұмыла өтуіне ықпал еткен бөлім бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұржан Өсербаевтың өзі игі іс-шараның бас-қасында болып, қызметкерлермен бірге қан тапсырғанын атап өтуіміз қажет.
– Мұндай қайырымдылық шаралары адам өмірін сақтап қалуға өлшеусіз септігін тигізетіні сөзсіз. Сондықтан осы секілді игі іс-шаралар біздің бөлімде жиі өтіп тұрады, – дейді бөлім бастығының орынбасары, полиция полковнигі Нұржан Өсербаев.
Осы бағыттағы қайырымдылық шаралары келер жылы да өз жалғасын таппақ.

Ақтөбе стансасындағы ЖПБ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*