Учаскелік инспекторға үй салынуда

Солтүстік Қазақстан облысында ауыл кәсіпкерлері учаскелік полиция инспекторына қызметтік баспана салуда.
Облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Марат Төлебаев Тайынша ауданы Абай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Абай ауылдық округі Петропавл қаласынан 180 шақырым жерде орналасқан. Оның құрамында 4 ауыл бар, жалпы халық саны шамамен 1500 адамды құрайды.
Кездесу кезінде облыстың бас полицейі өңірдегі жедел жағдай туралы баяндады. Сондай-ақ, Марат Төлебаев Президент Жолдауына сәйкес балаларға зорлық-зомбылық көрсету және оларға қатысты жасалатын басқа да қылмыстар үшін жауапкершіліктің қатаңдатылатынын атап өтті. Департамент басшысы облыстағы мал ұрлығының алдын алу және қылмыстың ашылуы жөнінде сөз қозғап, малдың жол апаттарына себеп болу жағдайларының алдын алу жұмысына тоқталды.
«ҚР Президенті Жолдауында қоғамдық диалог, ашықтық, адамдардың өтініштеріне жедел ден қою сияқты бағыттарды белгіледі. Бұл полицияның алдағы жылға жоспарлаған басымдыққа ие жұмыс бағыттары болмақ. Біз халықпен жұмыс істейтін барлық қызметкерлерден олардың арыздарға уақытылы ден қоюын талап етеміз», – деп атап өтті облыстық Полиция департаментінің бастығы.
Қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмысы туралы учаскелік полиция инспекторы Руслан Бекболатов есеп берді. Округте 53 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді. Жыл басынан бері 7 қылмыс пен 127 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Полиция департаментінің бастығы бұрын жасалған қылмыстарды ашу, сондай-ақ, мал ұрлығының алдын алу және есепте тұрған адамдардың арасындағы бұзушылықтар профилактикасы бойынша жұмысты күшейтуге нұсқау берді.
Есептік кездесу аудандық Полиция бөлімінің үздік шыққан қызметкерлері мен округ аумағында құқықтық тәртіпті нығайтуға жан-жақты көмек көрсеткен белсенді ауылдықтарды марапаттаумен аяқталды. Жергілікті полицияның техникалық базасын күшейту үшін Тайынша ауданы әкімінің міндетін атқарушы Ерлан Жаров аудандық Полиция бөлімінің бастығы Нұрлыжан Ақтановқа радиостанцияларды табыс етті.
Сол күні Марат Төлебаев жергілікті «Астык STEM» ЖШС атынан көктемде учаскелік инспекторға бөлу жоспарланған салынып жатқан үйдің құрылысына барды. Ауданы 100 шаршы метрге жуық қызметтік үй Қарағаш аулының орталық көшесінде орналасқан. 37 жастағы полиция капитаны жұбайымен бірге төрт баланы тәрбиелеп отыр, сондықтан бұндай көмек ол үшін аса маңызды және адал қызметі мен тынымсыз еңбегі үшін үлкен сый болмақ.
Жұмыс сапары кезінде Марат Төлебаев дәстүрлі түрде азаматтарды қабылдады. Бұдан бөлек, мамандыққа бағдарлау жұмысы бойынша Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қапез Дәулетбаев сөз сөйледі. Сондай-ақ, Криминалдық полиция басқармасының жедел уәкілі Дулат Жақышев мүліктік қылмыстарды ескерту мақсатында сақтық шаралар туралы баяндады. Кездесу ведомствоның Мәдени орталығы дайындаған концертке ұласты.

Юрий КЛЫКОВ,
Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*