Конкурс шарттары түсіндірілді

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Кадр саясаты басқармасының қызметкерлері 6506 әскери бөлімге барып, департаменттің бос лауазымдарына жарияланған конкурсқа қатысу шарттары мен ережелерін түсіндірді.
Конкурсқа қатысу шарттары – 35 жастан аспаған; тиісті бiлiмi бар; әскери қызмет өткерген немесе Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери оқытылған резервті даярлау жөніндегі әскери даярлықтан өткен болуы тиіс.
Үміткерлер конкурс жарияланғанға дейін Кадр саясаты басқармасына ҚР Заңнамасын білуге тестілеуден өткені туралы сертификатын, Ішкі істер органдарының әскери-дәрігерлік комиссиясында медициналық және психофизиологиялық куәландырудан және оның ішінде полиграфологиялық зерттеуден өткені туралы анықтамасын тапсыру қажет.
Кездесу соңында қосымша мәлімет алу үшін байланыс құралдары қалдырылды.

Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*