Қарағанды-Сұрыптау қарышты даму жолында

Қарағанды-Сұрыптау стансасындағы Желілік полиция бөлімінің қызмет көрсету аумағы 2275 шақырымды құрайды. Онда 69 станса, 21 разъез және 1 озу пункті бар. Темір жол көлігімен тәулігіне орта есеппен алғанда 7 мыңнан астам жолаушы тасымалданады.
Күн сайын 35 жұп халықаралық, республикалық және қалааралық жолаушылар пойыздары жүріп тұрады. Аумақтағы 2 әуежай да халықаралық мәртебеге ие. Бөлім қызметкерлері жылжымалы құрамды тонау, жолаушылар пойыздарындағы ұрлық, есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте және басқа да темір жол мен әуе көлік нысандарында орын алатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін аянбай еңбек етіп келеді.
Қазіргі уақытта бөлімде барлық азаматтардың заң алдындағы тең құқығын, қылмыстар мен түрлі оқиғалар жөніндегі барлық хабарламалар мен арыздарды толық тіркеумен, бөлімге келіп түскен үндеулерді шұғыл қарастыруды қамтамасыз етуде жедел-қызметтік іс-әрекеттің тиімділігін арттыру бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде.
Осы орайда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!» деген пікірі барлық қазақстандықтарға арналған. Демек, барлығымыз еліміздің өркен жайып, дамуына бар күшімізді жұмсауымыз қажет. Талай қиыншылықты бастан кешірсе де, ешкімге басын имеген қайсар халық әлемдік додада алпауыт елдермен иық теңестіруде. Ынтымағы мен бірлігіміз жарасқан Мәңгілік ел болайық!

Қарағанды-Сұрыптау стансасындағы ЖПБ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*