Санаттың сындарлы ойыны

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінің қызметкерлері арасында саламатты өмір салтына ынталандыру мақсатында үстел теннисінен турнир өтті.
Айта кету керек, турнирге тек қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар, мекеме зейнеткерлері де қатысты. Теннис турнирі бірнеше сағатқа созылды. Үздік теннисшілер финалда өнер көрсетті.
«Үстел теннисі тез әрекет етуді, ептілікті жетілдіреді, спортшының физикалық беріктігін дамытады, назар аудару қабілетін жақсартады, яғни күнделікті қызметте қажетті сапаға оң әсер етеді. Сонымен қатар, спорттық жарыстарды өткізу ұжымның бірігуіне ықпал етеді. Үстел теннисінен жарыс біздің мекемеде жақсы дәстүрге айналды. Ойыншылардың деңгейі жыл сайын жақсарып келеді», – деп атап өтті облыстық ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінің бастығы, әділет полковнигі Тамерлан Валиев.
Турнир қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді: 3-ші жүлделі орынды әділет капитаны Әсет Құсайынов, 2-ші орынды әділет аға лейтенанты Жігер Ерденов иеленді. Турнир жеңімпазы болып әділет майоры Санат Елеусізов танылды.
Спорттық іс-шара жүлдегерлерді құрмет грамоталарымен және сыйлықтармен марапаттаумен аяқталды.

Евгения КЛЕПИКОВА, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*