«Жалын» жасағы – полиция көмекшісі

Алматы облысында полицейлер өздерінің қоғамдық көмекшілері – «жалындықтармен» кездесу өткізді.
Жалындықтардың қалауы бойынша еркін форматта өткен кездесуге тәртіп сақшылары, облыстағы жастар саясатының өкілдері, білім беру мекемелерінің ұстаздары мен үкіметтік емес ұйымдар қатысты.
«Кездесу «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты акция шеңберінде ұйымдастырылды. Студенттер оқу процесімен қатар, қоғамдық жұмыстың жауапкершілігін түсініп, белсенділік танытуда. «Жалындықтар» өз елінің патриоттары ретінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып, полицейлер тарапынан ұйымдастырылған 50 жуық іс-шараға атсалысты», – деп атап өтті облыстық ПД баспасөз қызметі.
Полиция таратқан ақпаратқа сәйкес, облыс орталығындағы Политехникалық колледж студенттерінен құралған «Жалын» жасағы үзіліс кезінде оқу орны аумағында қандай да бір тәртіпсіздіктің алдын алу мақсатында арнайы кесте бекітіп, кезекшілік жасалған.
Сонымен қатар, «Жалын» жасағының мүшелері үшін кинологиялық және криминалистикалық қызметтердің күнделікті жұмысы қызығушылық тудыратыны айтылды. Алдағы уақытта ішкі істер органдарына қызметке орналасуға ниет білдірген «Жалын» өкілі болса, оған жеке мінездеме беру мәселесі талқыланды.
Кездесу соңында студенттерден құралған жасақ мүшелеріне «атына заты сай болу» мақсатында «Жалын» атауына лайық болу, ел ертеңі патриот жастардың қолында екені түсіндірді.

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*