Мереке кезіндегі өрт қауіпсіздігі

3 желтоқсанда өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Жаңа жыл мерекелері кезіндегі өрт қауіпсізідігі» тақырыбында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығы, генерал-майор Ж. Жұмашевтың қатысуымен брифинг өтті.
Жасұлан Қыдырғожаұлының айтуынша, көпшілік тойлайтын мейрамдар мен серуендер кезінде өрт және адамдардың қаза болу жағдайлары күрт өседі. Бұл көбінесе адамдардың психологиялық көңіл күйіне байланысты, олар мұндай кезеңдерде жұмыс уақытында жиналып қалған стрестен арылғысы келіп, өзінің сақтығы мен зейінін айтарлықтай жоғалтады. Бұл ретте, отпен байланысты оқиғалар санын көбейтетін жаңа жылдық мерекелер ерекше көзге түседі.
– 2018 жылдың 31 желтоқсаны мен 2019 жылдың 2 қаңтары аралығында Батыс Қазақстан облысының аумағында 4 өрт оқиғасы орын алды. Салдарынан 1 адам жарақат алды, – деді Ж. Жұмашев.
Мерекелік іс-шараларды қауіпсіз өткізу бойынша шаралар қабылдау үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жаңа жылдық шыршаларды өткізуге қатысатын объектілердің тізбесі жасалатын болады.
Есепке алынған объектілердің әкімшілігімен бірлесіп, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар бере отырып, мерекелік іс-шараларды тікелей өткізу орындарына комиссиялық тексерулер жүргізіледі. Эвакуациялау жолдарының жай-күйіне, алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуына, жаңа жылдық шыршаларды қауіпсіз безендіруге, ақаусыз электр гирляндаларын қолдануға, иллюминацияға, шыршаның тұрақтылығына, оны эвакуациялауға кедергі келтірмейтін жерге орнатуға, сондай-ақ, өрт және т.б. төтенше жағдай туындағанда қызмет көрсетуші персоналда іс-қимыл дағдысының болуына ерекше назар аударылатын болады.
– Мерекелік іс-шараларды өткізуге қатысатын барлық объектілердің аумағына өрт сөндіру техникасы қойылады. Жоспардан тыс өрт-тактикалық сабақтар, өрттерді сөндірудің жедел жоспарлары мен карточкаларын, өртке қарсы сумен жабдықтау көздерін түзетумен, сондай-ақ, төтенше жағдайларға, оның ішінде террористік қауіп-қатерлерге байланысты іс-қимыл бойынша жұмылдырылған объектілердің персоналына сабақтар мен жаттығулар өткізу жоспарланған.
Пиротехникалық бұйымдарды рұқсатсыз сату орындарында ЖПҚ қызметкерлерімен бірлесіп осындай фактілердің жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілетін болады, – деді Ж. Жұмашев.
Брифинг соңында журналистер өз сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*