«Жасөспірім» шарасы жүріп жатыр

Жасөспірімдер қылмыстарының алдын алу және ескерту, кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдік, темекі өнімдерін сатуды, олардың түнгі мезгілде заңды тұлғаларының ілесіп жүруінсіз көңіл көтеру мекемелерінде болуын анықтау, сондай-ақ, олардың қүқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында желтоқсан айының 4-8 күндері «Жасөспірім» жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр.
Республикалық көлемдегі іс-шараға Орал қаласы ПБ ЖПҚБ ЮПТ жеке құрамы толықтай жұмылдырылды. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдар, прокуратура, білім беру, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау органдарының, ата-аналар комитеттерінің, «Нұр Отан» партиясы «Жастар» қанатының өкілдері мен ІІО ардагерлері, әскери-патриоттық ұйымдар тартылды.
Мектеп инспекторлары түнде қаладағы көңіл көтеру орындарын тексеріп жатыр. Есепке алынған қолайсыз отбасында тәрбиеленуші жасөспірімдердің бос уақытының тиімді ұйымдастырылуы, оқудан бас тарту, кәмелетке толмағандарға алкогольдік ішімдік және темекі бұйымдарын сату фактілері назарда болады.
«Жасөспірім» жедел алдын алу шарасының бірінші күні ЮПТ басшылары мен мектеп инспекторлары өздері қызмет көрсететін аймақтағы түнгі сауық орындарының тізімін алып, қолайсыз отбасыларының бірқатарын аралады. Отбасындағы жасөспірімнің тұрмысы туралы мәліметтер жинады.

Орал қаласы ПБ ЖПҚБ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*