Есірткі – геосаяси қатер

Солтүстік Қазақстан облысында құрметті азаматтар жасөспірімдер арасында нашақорлық профилактикасын жүргізді.
Облыстық Полиция департаменті жанындағы Консультативтік-кеңесші органның мүшелері полицейлерге жастар арасында нашақорлықтың алдын алу желісі бойынша көмек көрсетуге ниет білдірді. Гуманитарлық-техникалық колледж шәкірттерімен кездесуге полицейлермен бірге ККО мүшесі, Петропавлдың құрметті азаматы Александр Казанцев те барды.
Қысқа әрі әсерлі сөйлеген Александр Васильевич есірткінің таратылуын геосаяси қауіппен салыстырды. «Бұл халыққа қарсы жарияланған айқас. Таратушылардың мақсаты – жастарды азғындату, саналарын улау, оларды ойсыз, принципсіз, психикасын аумалы ету, ертеңгі күні елді арқа сүйер ерлерсіз және Отан қорғаушыларсыз қалдыру. Нашақор ешкімге қорған бола алмайды», – деді құрметті азамат.
Полицейлердің дәрістері мазмұнды әрі әсерлі бейнематериалдармен сүйемелденеді. «Безумная игра» бейнефильмінен үзінділерді көрсетуімен, оқушыларға жаңа синтетикалық есірткілердің денсаулыққа келтіретін зияны жеткізілді. Биылғы жылдың 5 шілдесінен бастап заңнамаға енгізілген түзетулер туралы да сөз қозғалды. Енді синтетикалық есірткілерді таратушылармен қатар жарнамалаушылар да 8 жылға бас бостандығынан айырылатын болады.
Солтүстік Қазақстан облысы ПД ЕҚҚІҚБ аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Жанар Байғазина нашақорлыққа қарсы іс-қимылға жастардың қатысатынын атап өтті және қала мектептерінің бірінде оқитын оқушыларды мысал ретінде келтірді. Тек ерікті оқушылардың қатысуымен ғана облыс орталығында 100-ден астам граффити өшірілді.
«Биыл облыста кәмелетке толмағандардың синтетикалық есірткіні шамадан тыс қолдануының 5 фактісі тіркелді, – дейді Жанар Байғазина. – Бұл профилактикалық жұмыстың өзектілігін білдіреді. Республикалық Жастар жылы аясында облыстық ПД басшысы жариялаған Есірткіге қарсы күрес жылы аяқталып келеді. Алайда, біз өскелең ұрпақпен жұмыс жүргізудің жаңа түрлерін ұдайы іздеу үстіндеміз. Көрнекті қоғам қайраткерлері, депутаттар мен журналистердің әңгімелері мектеп және колледж студенттерімен кездесудің мәнін тереңдете түседі деп сенеміз».

Солтүстік Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*