Тұрмыстағы зомбылық түйткілдері

Петропавл полицейлері отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы 29 қылмысты тергеді.
Петропавл қаласының тұрғыны ащы суға құмар ұлының емделуіне себепші болған учаскелік полиция инспекторларына риза болып, жергілікті полиция қызметінің бастығына алғысын білдірді.
Еш жерде жұмыс істемеген және отбасы құрмаған 38 жастағы ер адам ішімдікке салынған. Жыл басынан әйел ащы суды ішіп алып жанжал шығаратын баласына екі рет шағымданды. Учаскелік полиция инспекторлары ер адамды есепке қойып, анасына оны мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы өтініш жазуды ұсынды. Әйел ұсыныстан бас тартты, оның мұндай шешімге келуі жағдайды түземеді: жанжалшы қол көтеруге дейін барды. Әйел учаскелік полиция инспекторларының кеңесін ескеріп, өтініш жазды. Сот шешімімен ер адам Жамбыл ауданы, Благовещенка ауылындағы мәжбүрлеп емдеудің наркологиялық ұйымына жеткізілді.
1-ші учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары, полиция лейтенанты Марал Мұхамадиев және полиция аға лейтенанты Дәурен Жақаевтың кәсібилігіне риза болған әйел Петропавл қаласы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы, полиция майоры Әлібек Ғабдуллинге алғысын білдірді. Емдеу курсынан өткеннен кейін ұлы тұрақты жұмыс тауып, өмірін өзгерткен…
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасындағы негізгі мәселелер қатарына үйдегі ұрыс-керісті сыртқа шығармау, өзін жағдайдың түзелетініне сендіру жатады, – деді Жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы. – Биылғы жылы отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында қала бойынша 29 қылмыс тіркелді, оның 27-сі – денсаулыққа зиян келтіру. Бұндай қылмыстар аяқ астынан орын алмайды, қылмыс жанжал, қорлау, қол көтеруден туындайды. Заңнамамен көзделген шаралар уақытылы қабылданса, зорлық-зомбылықтың жолы кесіледі».
Сондай-ақ, Әлібек Ғабдуллин көрші үйдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілеріне бейжай қарамауға шақырды. Осындай бұзушылықтар және қоғамдық тәртіп бұзушылықтары туралы өздеріңіздің учаскелік полиция инспекторларына немесе ЖПҚБ бастығының WhatsApp-тағы +7-708-432-46-00 нөміріне хабарлауға болады.
Жалпы жыл басынан облыс орталығының полицейлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 710 фактісін тіркеді. Олардың барлығы дерлік алкогольдік мас күйде жасалған. Мәжбүрлеп емдеудің наркологиялық ұйымына 51 адам жіберілді, тағы 35 адам өз еркімен емделуге бет бұрды.

Солтүстік Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*