Талғаттың табанды әрекеті жойқын жарылыстың алдын алды

Азаматтық қорғау подполковнигі Талғат Матқұлов осы салада 1993 жылдан, ал Шымкент қаласының «ӨС және АҚЖҚ» ММ өрт сөндіру кезекші қызметінің жедел кезекшісі лауазымында 2018 жылғы қарашадан бастап қызмет атқарады.
Қызмет барысында бірнеше ірі өрттерді сөндіруге белсене қатысты. Ерекше ерлік пен қайсарлықты азаматтық қорғау подполковнигі Талғат Мәдиұлы «МұрАз» газ толтыру стансасында орын алған өртті сөндіру кезінде танытты.
2019 жылы 7 маусымда «101» нөміріне «МұрАз» автогаз құю стансасында өрт шыққандығы туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел кезекші, азаматтық қорғау подполковнигі Т. Матқұлов жетекшілік ететін жоғарғы №3 шақыру бойынша күштер мен құралдар жіберіледі.
Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін «МұрАз» ЖШС газ толтыру стансасының аумағында газ тасымалдауға арналған автоцистерналар жарылады.
Оқиға орнына келісімен Т. Матқұлов жағдайды бағалап, жедел өрт сөндіру штабын ұйымдастыруды бұйырады. Оның тапсырмасы бойынша жеке құрам нысан қызметкерлерімен бірлесіп, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, қайта жарылыстарды болдырмау үшін, аумақта тұрған автокөліктерді қауіпсіз жерге шығарады.
Өртті сөндіру барысында сыйымдылығы 50м3 газы бар автоцистерна жарылып, салдарынан сыйымдылығы 200м3 газ толтыруға арналған жерүстіндегі газгольдер өртенеді. Жағдайды мұқият зерттей отырып, нысанның қызметкерлерінен сұрастыра келе, газгольдердің апаттық клапанын жаппаған жағдайда жарылыстардың қайталанатындығы белгілі болды. Өрт сөндіруге жұмылдырылған жеке құрам мен Тассай тұрғын алабы үшін қауіп төнді.
Қалыптасқан жағдайды бағалай отырып, азаматтық қорғау подполковнигі Т. Матқұлов жанып жатқан газгольдердің апаттық клапанын жабу туралы шешім қабылдайды.
Ол өмірін тәуекелге тіге отырып, ерлік пен батылдық танытып, клапанды жауып, апаттың алдын алды. Осындай күрделі жағдайда дұрыс шешім қабылдап, өзінің кәсіби деңгейінің жоғары екенін дәлелдеді.

Шымкент қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*