Қылмыспен күресті күшейтпек

Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы Бекет Аймағамбетов патрульдік полиция экипаждарының қыс мезгіліне дайындығын пысықтады. Барлық экипаждар қажетті құралдармен жабдықталған.
Тәртіп сақшылары кез келген оқиға орнына келіп, сызбасын жасап, содан кейін құжаттарды планшеттерде рәсімдей алады. Осылайша, көліктер жол бойында тұрмайды, ЖКО оқиғасынан соң құжат рәсімдеу уақыты – небары 30 минут. Бұл жұмыстың тиімділігін блогерлер де тексерді.
Патрульдік полицейлер автокөліктерінің жүк салғышында жол-көлік оқиғасынан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге арналған алжапқыш бар. Патрульдік полиция қызметкері Руслан Айтеновтің айтуынша, полицейлер осындай киімнің арқасында жолдағы кез келген жағдайға дайын.
Облыстың бас полицейі Бекет Аймағамбетов бүгінгі күні ішкі істер органдарының алдына қойылған міндеттерге және жыл бойғы нәтижелерге тоқталды. Ол облыс аумағында мас күйінде тұрмыста аса ауыр қылмыс жасаудың алдын алуға бағытталған «Маскүнем» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілгендігін атап өтті. Бір апта ішінде мұндай қылмыс жасауға жол берілген жоқ. Бір жарым мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, бұл орташа статистикалық көрсеткіштен екі есе асып түсіп отыр.
Мәселен, тек қоғамдық орындарда ішімдік ішкені үшін 800-ден астам азамат жауапқа тартылды. Спирттік ішімдікті сатқаны үшін дүкен иелеріне қатысты 106 әкімшілік хаттама толтырылды. 49 лицензиясыз алкоголь сату фактісі анықталды. Сонымен қатар, мас күйінде жасалған бұзақылық саны айтарлықтай азайды.
Осы уақыт ішінде облыс бойынша кісі өлтіру және денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілері тіркелген жоқ. Көше қылмысы төмендеді. Қабылданған шаралардың арқасында осы бағыттағы жағдайды тұрақтандыруға қол жеткізілді. Енді жұмыс қарқынын төмендетпеу қажет. Жедел алдын алу іс-шарасы кезінде ізін суытпай бірнеше ауыр қылмыс ашылды.
Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Әулиекөл кентінде жергілікті кәсіпкерге шабуыл жасаған қарақшыларды ұстады. Қостанай қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері де кезекші кезінде «Киевский» дүкенінде жасалған тонауды ашты.
Бекет Аймағамбетов жеке құрамға арнаған сөзінде жүргізушілерді себепсіз тоқтатуға болмайтынын атап өтті. Бүгінде ішкі істер органдарының қызметкерлері халыққа қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшпек. Тәртіп сақшылары халыққа жақын болуы, ашық жұмыс істеуі тиіс. Бұл міндеттерді Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев атап өткен болатын.

Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*