Жемқорлықсыз жеке құрам

Петропавл қаласы Полиция басқармасының акт залында кезекшілік пен жасаққа тартылмаған тергеушілер, анықтаушылар, криминалистер жиналды. Күн тәртібінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, тәртіп мәселелері қарастырылды.
Облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Еңбек Сембин кездесуді ашып, ішкі істер органдарының беделіне нұқсан келтіретін қылмыстардың бірі – парақорлық екенін атап өтті. Еңбек Ғаббасұлы соңғы жылдары облыс және еліміздің тергеушілері мен анықтаушылары тарапынан жасалған сыбайлас жемқорлық қылмысына тоқталып, тергеушілер мен анықтаушылар полиция қызметіндегі ерекше бөлініс екендігін және оның қатарында сыбайлас жемқорлықтың орын алуына, тәртіптің өрескел бұзылуына жол берілмейтіндігі атап өтті. Еңбек Ғаббасұлы әр қызметкердің отбасы оларды асыға күтіп, мақтан тұтатынын, адал еңбек ету қажеттігін ерекше атады.
Облыстық Полиция департаменті жанындағы Консультативтік-кеңесші органның төрағасы Жасұлан Ахметов өз сөзінде үш мәселеге тоқталды. Оның айтуынша, полиция қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты жетілдіру қажет. Азаматтар полицейлердің қызметінен хабардар болып, жетістіктері туралы білуі тиіс. Екіншіден, цифрландыру желісі бойынша жұмысты жалғастыру маңызды. Патрульдік полицейлердің бейнежетондары үздіксіз жұмыс істеуі тиіс, осыдан олардың жұмысы ашық әрі бақылауда болады. Үшіншіден, қызметкерлермен, олардың отбасы мүшелерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмысын үзбей жүргізу қажет. «Ата-ана, жұбайы, балалары – қызметкер үш есе жауапкершілікті сезінген жағдайда, жемқорлықтың жолы кесіледі», – деп атап өтті Жасұлан Ахметов.
Кездесу барысында қатысушыларға сыбайлас жемқорлықты түп-тамырын жоюға арналған бейнероликтер көрсетілді. Сондай-ақ, бөліністердің тәжірибелі басшылары өз ойларымен бөлісті. Тергеу-криминалистикалық бөліністер жетекшісінің айтуынша, жеке құрам арасында игі дәстүрлер, ұрпақ сабақтастығы жалғасқан полицейлер әулетінің саны жетерлік. Полиция полковнигі бүгінгі таңда өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын, білікті жас қызметкерлердің өсуіне жағдай жасалғанын атап өтті.
Тергеуші, анықтаушы және криминалистердің міндеті – қызмет жүгін арқалай білу, тынымсыз еңбек етіп, антына адал болу. Солтүстікқазақстандық полиция қатарында 140 тергеуші, 34 анықтаушы, 46 криминалист қызмет етеді. Олардың қолынан барлық қылмыстық істер өтіп, процессуалдық шешімдер қабылданады. Қызметкерлердің 25 пайызында 5 жыл еңбек өтілі болса, 23,2 пайызында 10 жылдан асады, қалғандары – жас мамандар.
«Бүгінгі іс-шараның басты мақсаты – адам тағдырын ақшамен шешуді ойламай, адал еңбек етуге бағыт-бағдар беру», – деп атап өтті Еңбек Сембин.

Солтүстік Қазақстан облысы ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*