«Ана үйіне» арнайы барды

Қараша айының 25-інен желтоқсанның 10-ына дейін Өскемен қаласы бойынша «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде.
Акцияның негізгі мақсаты – халықты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтан ескерту және алдын алу, балалар мен аналарды қорғау, қоғам ортасында отбасы рөлін нығайту Осыған орай, Өскемен-1 стансасындағы ЖПБ ӘПБ ЮПТ қызметкерлері, Өскемен қаласы ПБ ЖПҚ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі тобының қызметкерлерімен бірлесіп, Өскемен қаласындағы «Ана үйі» дағдарыс орталығына барды.
Орталықта қазіргі таңда жас балаларымен 7 ана тұрып жатыр. «Ана үйі» ДО үйлестірушісі Н. Онғарбаева осы орталықтың жұмысы туралы ақпарат айтып, жас балалармен өмірдің қиын жағдайына тап болған 30 жасқа дейінгі, сонымен қатар, уақытша баспанаға мұқтаж болған әйелдердің көмекке жүгіну мүмкіндіктерін түсіндірді. Орталыққа орналастырылған әр ана, баласы бір жарым жасқа толған уақытқа дейін олардың қарауында тұруға мүмкіндіктері бар екені ескертілді.
Орталық жұмысының басты мақсаты – ана мен баланы әлеуметтік өмірге үйрету. Әр анамен профилактикалық сұхбат жүргізіледі. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың зардаптары түсіндіріліп, ішкі істер органдары тарапынан алдын алу шаралары жеткізілді.

Өскемен-1 стансасындағы ЖПБ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*