Зорлық-зомбылықсыз 16 күн

Қызылордада полицейлердің ұйымдастырумен «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы өтуде.
Әйелдерге қарсы әртүрлі дискриминация түрлерін жою туралы конвенцияға (Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 29 шілдеде ратификациялаған) сәйкес, ерікті жастар «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясын «Зорлық-зомбылықсыз қоғам» атты ұранымен «ARAY CITY MALL» сауда кешенінде флэшмоб түрінде өткізді.
Акцияның негізгі мақсаты – халыққа әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты ескертуге, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, ана мен баланы қорғауға хабардар ету деңгейін арттыру, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар саласындағы ақпараттық-насихаттау жұмысын жетілдіру болып табылады.
Сонымен қатар, ұйымдастырушылық мәселелерін шешу үшін іс-шараға мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, жұртшылықты тарта отырып, ҮЕҰ-ның өкілдері қатарынан жұмыс топтары құрылды.
Адамдар көп жүретін жерлерде (демалыс орындары, сауда орталықтары, базарзларда, аялдамалар, т.б.) плакаттар ілініп, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды.
Жалпы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы 2019 жылдың 10 айында облыс көлемінде әйелдерге қатысты орын алған 69 қылмыстық (өткен жылы – 93) әрекетті тіркелген. Яғни құқық бұзушылықтар саны 34,8 пайызға төмендеді.
Дегенмен де, ресми статистикалық мәліметтер бойынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық әрбір үшінші отбасында кездесіп, тіркелген қылмыстардың 30 пайызын құрайды. Орын алған қылмыстардың негізгі себептері – ұрыс-керіс, қызғаныш, маскүнемдік, әлеуметтік жағдайдың төмендігі.
Үйдегі осындай жағдайлар кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне әкеп соғуда. Полиция қызметкерлері күн сайын түрлі тағдырлармен бетпе-бет келеді. Бүгінгі күні біздің басты мақсатымыз – ана мен бала қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қызылорда облысы ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*