Үкіметаралық келісімге қол қойды

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына мемлекеттік сапары барысында көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қойылды.
Құжатқа Бішкек қаласында Қазақстанның Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев пен Қырғызстан мемлекеттік көші-қон қызметінің төрағасы Болотбек Ибраимжанов қол қойды.
Келісімде тараптар мемлекеттерінің аумақтарындағы азаматтар; Қазақстан немесе Қырғызстан азаматтығында қабылданған немесе қалпына келтірілген адамдар туралы, оның ішінде қос азаматтық фактілердің жолын кесу үшін мәліметтер алмасу; тәжірибе алмасу және практикалық көмек көрсету көзделеді.
Қазақстан қазірдің өзінде Өзбекстанмен, Тәжікстанмен және жақында ғана Әзербайжан және Беларусьпен осындай келісімдер жасады. Армениямен де осындай келісімге қол қою жоспарлануда.
Бұдан басқа, ІІМ осы жылы ұйымдасқан қылмысқа, терроризмге, трансұлттық ұйымдасқан топтардың қызметіне және есірткі қылмысына қарсы күрестегі өзара іс-қимыл туралы бірқатар үкіметаралық келісімдерге қол қойды.
Аталған келісімдерге қол қою Қазақстанға заңсыз көші-қон деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді және көші-қон заңнамасын құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша бірлескен жұмысты күшейтеді.

ІІМ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*