«Сергек» сенімді ақтауда

Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Сергек» фото, бейне жазбасын және бейнебақылау жүйесін енгізу бойынша МЖС жобасын іске асыру бойынша баспасөз конференциясы өтті.
Спикерлер ретінде Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының басшысы Ерлан Бекмұрзаев және Еұр-Сұлтан қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Шүпеков сөз сөйледі.
Елордада 2017 жылы ІТ және қауіпсіздік саласындағы «Сергек» мемлекеттік-жеке меншік серіктестік жобасы басталып, бүгінгі таңда сәтті іске асырылуда.
Бұл жоба қала көшелерінің 400 қиылысында және 300 желілік учаскесінде аппараттық-бағдарламалық жүйелерді қоса алғанда 13000 камераны орнатуды және біріктіруді, адамдар көп жиналатын жерлерде 4000 камераны және басқа да 3000 камераны қаланың бейнебақылау жүйесіне біріктіруді көздейді.
– Сергек жобасы екі кезеңге бөлінген – бұл №1 және №2 іске қосу кешендері.
Қазіргі уақытта №1 іске қосу кешені бойынша жұмыстар аяқталып, өткен жылы қаланың коммуналдық меншігіне берілді. №1 іске қосу кешені 800 жалпы бейнебақылау камерасын, көше қиылыстарындағы 200 аппараттық-бағдарламалық кешендерді және 1200 үшінші тараптық бейнебақылау камераларын біріктіреді.
Қазіргі уақытта №2 іске қосу кешенінің қондырғысы толықтай аяқталды, 3200 бейнебақылау камерасы, 200 аппараттық-бағдарламалық кешен орнатылып іске қосылды, сонымен қатар, 1800 камера біріктірілген және бұл жобаның 100% құрайды.
Қазіргі уақытта №2 іске қосу кешенін сертификаттау және коммерциялық пайдалануға беру бойынша шаралар қабылдануда, содан кейін ол қаланың коммуналдық меншігіне өткізілмек, – деді брифингке қатысқан Нұр-Сұлтан қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Елжан Шүпеков.
Жобаның нәтижелері бойынша қазіргі кезде елордалық жолдар елдегі ең қауіпсіз болып саналады. Барлық ереже бұзушылықтар тіркеліп, ереже бұзушыларға жіберіледі, яғни «жазаның сөзсіздігі» қағидасы қолданылады.
2018 жылдың қорытындылары бойынша, елорданың жолдарындағы өлім деңгейі 2017 жылмен салыстырғанда екі есе (60-тан 34-ке дейін) азайған, бұл Сергек жұмысының басты оң нәтижесі. Сондай-ақ, 2018 жылдың 12 айының нәтижелері бойынша жоба 2017 жылмен салыстырғанда жазатайым оқиғалардың санын 10%-ға (583-тен 528-ге дейін) және жазатайым оқиғалар салдарынан болған жарақаттануларды 10%-ға (624-тен 559-ға дейін) азайтуға мүмкіндік берді және бұл Кешенді жоспардың мақсаттарына толықтай сәйкес келеді.
Осыы жылдың 10 айының қорытындылары бойынша қала жолдарында апат салдарынан 29 адам қаза болған. Елордадағы өлім-жітім көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда – 2 жағдайды құрайды, ал салыстырмалы түрде алғанда Алматыда – 5,4, ал Шымкентте – 100 мың адамға шаққанда – 5,1 құрайды (орташа республикалық көрсеткіш – 7.2).
Нұр-Сұлтан қаласында жалпы бейнебақылау камераларын орнату және ең криминогендік аулаларды қамту нәтижесінде (Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетімен бірлесе отырып анықталған) қоғамдық орындарда қылмыстың 44%-ға төмендеуі байқалды.
Сондай-ақ, биыл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда («Сергек» жобасын іске асырғанға дейін) ауыр қылмыстар санының 39%-ға төмендеуі (қарақышылық, тонау, бопсалау, ауыр жарақаттану және т.б.) және аса ауыр қылмыстар санының 18%-ға (кісі өлтіру, зорлау) азаюы тіркелген.

Бауыржан БЕРІКҰЛЫ

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*