Бірлескен рейд

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі аппараттары арасында кезекті екіжақты консультациялардың қорытындысымен Өзбекстан Республикасы ІІМ-нің қатысуымен заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бойынша «Заңсыз келуші» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – заңсыз көші-қон арналарын, сондай-ақ, заңсыз көші-қонға қатысты өзге де заңға қайшы іс-әрекеттерді анықтау және жолын кесу.
Шымкент қаласының Полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының қызметкерлері Өзбекстан Республикасы Ішкі істер министрлігінен келген қонақтармен бірлесіп заңсыз көші-қонға қарсы рейдтік іс-шара өткізді.
Жедел алдын алу шараларының және күнделікті атқарылған жұмыс нәтижесінде Шымкент қаласы бойынша Қазақстан Республикасына келу, болу және ҚР-дан кету ережелерін бұзған 587 шетелдік және ҚР азаматтары анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Құқық бұзушылардың 320-ына ескерту жасалып, 70-іне әкімшілік айыппұлдар салынды, 153 шетелдік әкімшілік қамауға алынды. Өзге елдердің 44 азаматы сот шешімдерімен ел аумағынан шығарылды.
Шымкент қаласы ПД-нің қабылдап-бөлу мекемесіне жеке бастарын анықтайтын құжаттары жоқ 127 адам орналастырылды.
Сондай-ақ, ӘҚБтК 449-бабы 3-бөлігімен, яғни адамдарды мазалап қайыршылық жасап жүрген 12 шетелдік анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*