Көңілден шыққан кездесу

Жақында Алматы қаласы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/13 түзеу мекемесінде «Азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдау» күні өтті.
Бұл күні сотталғандардың жақын-туыстары үшін ашық есік күні болды. Өйткені, мекеме бастығы, әділет подполковнигі Р. Габибов бұл күні 10 адамды қабылдап, сотталғандардың туыстарын мазалап жүрген сұрақтарға толыққанды жауап берді.
«Біздің ЛА-155/13 мекемесі қоныс колониясы болғандықтан, мұндағы сотталғандардың түгелге жуығы жұмыс істейді. Яғни, колонияда бүгінгі таңда 95 адам жазасын өтеп жатса, оның 87-сі еңбекпен қамтылған. Олар әртүрлі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерде, жеке кәсіпкерлердің қоластында, өзіміздің салаға қарасты мекемелерде еңбек етеді.
Қабылдаудағы негізгі сұрақтар сотталғандармен кездесудің тәртібі, оларға медициналық көмек көрсетудің жай-күйі, жұмыс істеп жүрген сотталғандарға еңбек демалысын беру мәселесі туралы болды», – деді ЛА-155/13 түзеу мекемесінің бастығы Руслан Габибов.

Гүлнәр МАҒЗҰМОВА, Алматы қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*