Жаңа басшыны таныстырды

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арман Оразалиев Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің келісімімен Сарысу ауданы Полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Қуанышбек Серікбайұлы Бекхожаевты жеке құрамға таныстырды.
Қ. Бекхожаев 1977 жылы туған, жоғары құқықтық білімі бар, 1998 жылы ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. Жедел қызметтің барлық сатыларынан өткен. Соңғы атқарған қызметі – Жамбыл облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары.
Облыстық ПД бастығы, полиция полковнигі Арман Оразалиев жаңа басшыға өз жұмысында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, заңды мүдделерін қорғау, жергілікті халықпен тығыз байланыс орнату және заңдылық пен құқықтық тәртіпті бұзудың кез келген деректеріне қатысты жедел ден қою міндетін қойды.

Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*