Академияның алғашқы қарлығаштары

ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы Академиясында 2019-2021 жылдарға арналған ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында алғаш рет 6 айлық арнайы бастапқы дайындық курсын жаңа форматта тәмамдаған мамандарға салтанатты түрде куәлік (сертификат) берілді.
Шараға ішкі істер органдарының ардагерлері, курсанттардың ата-аналары қатысты.
Аталған Жол картасының негізгі бағыттарының бірі – ІІМ-нің ведомстволық білім беру ұйымдарын халықаралық стандарттарға сәйкес қайта реформалау. Ведомстволық білім беруді оңтайландыру – оларды заманауи форматтарға сәйкестендіру, қоғам тарапынан полицияның қызмет сапасына қойылатын талаптарды ескеру арқылы жүргізілді.
ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы Академиясы – заманауи форматқа сәйкес арнайы бастапқы даярлық курсында тыңдаушыларды оқытуды бастаған алғашқы оқу орны. Салтанатты шарада сөз сөйлеген академия бастығының орынбасары, полиция полковнигі Жанат Ділбарханова бастапқы даярлық курсын бітірушілерге Қазақстан Республикасының өркендеуі жолында заңдылық пен тәртіпті қатаң сақтап, азаматтардың бостандықтары мен конституциялық құқықтарын жоғары деңгейде қорғап, аянбай еңбек етіп, кәсіби білікті маман болуды тіледі.
Сондай-ақ, отставкадағы полиция полковнигі Талғат Бапанов пен жедел іздестіру тактикасы және арнайы техника кафедрасының бастығы, полиция полковнигі Естай Әблезов та түлектерге бәсекеге қабілетті маман иесі болуды тілеп, сертификаттар тапсырды.
Өз кезегінде Арнайы бастапқы даярлық курсының тыңдаушысы Еламан Капасов Аакадемия басшылығы мен профессорлық оқытушылар құрамына тыңдаушылар атынан алғыс білдірді.

Айып ИМАНҒАЗИЕВ, Алматы қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*