Шығысқа «Шерп» келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында азаматтарды табиғи құбылыстар мен техногендік апаттардан қорғау мәселесіне назар аударды. Осыған байланысты ІІМ ТЖ комитеті Шығыс Қазақстан гарнизонына «Шерп» атты жол талғамайтын 2 техниканы табыстады.
Жергілікті жердің тау бедері мен бөктердегі жазықтығы, қысы ұзақ болатын күрт континенталды климаты (қақаған аяз бен боран) және құрғақ жазы (шаңды дауыл), сондай-ақ, ең көп су айдындарының шоғырлануы шығыс өңірін түрлі табиғи катаклизмдерге толы өңірге айналдырған, мұнда ең көп табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар болып тұрады.
Жол талғамайтын үлкен доңғалақты техника осыған ұқсас шынжыр табанды үлгілерден көп жағынан басымдыққа ие. Сонымен қатар, бұл машина өте жинақы, маневрлеу деңгейі жоғары дәрежеде, сенімді.
Ең алдымен көзге түсетіні – үлкен доңғалағы. Осы доңғалағының ғажайып құрылымына қарай және «Шерптің» жүру бөлігінің арқасында ол 70 см дейінгі кедергіні басып өтіп, тік қияға шығыады және жүзе алады.
Жыл сайын өрт сөндіру қызметінің мамандары 2000-нан астам апаттық-құтқару жұмыстарына барады, оның 500-ге жуығы жетуі қиын аудандарда және таулы-жоталы орындардағы іздестіру-құтқару жұмыстары, көшкін мен қар борасындары, су тасқыны мен су басу сияқты табиғи сипаттағы шығулар.
Гарнизонның паркін жол талғамайтын техникамен жаңарту адамдарды құтқару бойынша жұмыстың сапасына, жеделдігі мен алға қойылған міндеттерді орындау мерзіміне әсер етеді. Сондықтан да ІІМ ТЖК басшылығына Шығыс Қазақстан өңірінің гарнизонын осындай ғажап техникамен жабдықтағаны үшін алғысымыз шексіз.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД Ішкі және сыртқы
коммуникациялар тобы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*