Мекемедегі кешкі мектеп: сотталғандар білім алуда

Сотталғандардың қажетті білім алуы – олардың өмірде өз орнын табуға деген екінші мүмкіндігі және қоғам мен эканомиканың қалыптасуына қосқан бір үлесі.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінде «Петропавл қаласы әкімдігінің білім бөлімі» КММ жанындағы «кешкі жалпы білім беретін орта мектебі» КММ оқу орны құрылды. Ол Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 18 тамыздағы № 516 бұйрығымен регламенттеледі.
Мектепке қабылдау бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімі жоқ, отыз жасқа толмаған, отыз жасқа толған сотталғандар және өз қалауы бойынша бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім алуға құқылы мүгедектер қатарынан жүзеге асырылады. Білімі туралы құжаттар болмаған жағдайда мектеп әкімшілігі сотталғанның тұрғылықты жері бойынша білім басқармасына сұрау салады.
Оқушылар оқу әдебиетімен және кеңсе заттарымен қамтамасыз етіледі. Мектепте компьютермен жабдықталған ақпараттық кабинет жұмыс істейді, онда сотталғандар компьютермен жұмыс істеудің бастапқы дағдыларын меңгере алады. Сотталғандар өз бетінше дамуы үшін кітапханаға барады. Ол жерде түрлі әдебиет бар.
2018-2019 оқу жылында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінің 10 сотталушысына жалпы орта білім туралы аттестат берілді. Аттестат пен үлгерім табелі сотталғанның жеке ісінде сақталады және мекемеден босатылғаннан кейін олардың қолына беріледі. Бұдан әрі олар орта арнаулы немесе жоғары оқу орындарына түсе алады.
Қазіргі уақытта мектепте 32 сотталған оқиды, олар сабаққа тұрақты түрде қатысады. Оқу жылы аяқталғаннан кейін сотталғандар көшіру және бітіру мемлекеттік емтихандарын тапсырады.
Сондай-ақ, ҚАК 123-бабына сәйкес мекеме жанындағы «Петропавл кәсіптік колледжі» КММ техникалық және кәсіптік оқыту жүзеге асырылады.
Сұранысқа ие мамандықтар: ағаш шебері-құрылысшы, тас қалаушы, газбен дәнекерлеуші, слесарь-сантехник. Оқыту техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік бағдарламалары бойынша жүргізіледі. Кабинеттер белгілі мамандықтар бойынша стендтермен, көрнекі және үгіт ақпаратымен безендірілген. Практикалық сабақтар үшін колледжде шеберханалар құрылған, онда кабинет қажетті құралдармен жабдықталған. Практикалық сабақтар кезінде оқушы таңдаған мамандықтары бойынша алған дағдыларын көрсете алады.
Оқу мерзімі – 10 ай. Қазіргі уақытта колледжде 80 адам білім алуда.
Сонымен қатар, білім алушылар өздерінің алған дағдыларын облыстық деңгейде өткізілетін түрлі конкурстарда көрсете алады.
2019 жылы колледж оқушылары қолданбалы өнер көрмесіне қатысып, үздік жұмыстарын ұсынды. Байқау қорытындысы бойынша екінші жүлделі орынға ие болып, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Тамерлан ВАЛИЕВ, Солтүстік Қазақстан облысы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*