Интерполмен ынтымақтастық игілігі

ІІМ-нің Алматы қаласындағы өкілдігінде Ішкі істер министрі Интерпол – Халықаралық қылмыстық полиция ұйымының президентімен кездесті.
Полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаев пен Ким Чон Ян Қазақстан ІІМ мен Интерполдың арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, сондай-ақ, жаңа қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл бойынша белсенді өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Қазақстанның Интерполға кіруі және ІІМ құрылымында Ұлттық орталық бюро құру осы халықаралық ұйым шеңберінде шетелдік әріптестермен өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік берді. ҰОБ арқылы іздеуді жүзеге асыруға, басқа мемлекеттердің аумағында жасырынып жүрген қылмыскерлердің орналасқан жерін анықтауға нақты мүмкіндік туды.
«Біздің ынтымақтастығымыз жасалған қылмыс үшін жазалаудың бұлтартпастығы принципін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Тек соңғы 5 жылда Қазақстанның Интерполы арқылы елімізге 130-дан астам адам экстрадицияланды», – деп атап өтті Ерлан Тұрғымбаев.
Министр Интерполдың Халықаралық деректер базасын ІІМ ақпараттық деректер базаларымен интеграциялау және Қазақстан полициясы қызметкерлерінің оларды күнделікті қызметте қолдану тәжірибесі бойынша жүргізіп жатқан жұмыстарына назар аударды.
Сонымен қатар, Қазақстан халықаралық террористік ұйымдардың әрекетіне қарсы іс-қимыл жасау, сондай-ақ, олардың әрекеттеріне қатысы бар адамдарды іздестіру мақсатында Интерполдың көпжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жобасына қатысады.
Қорытындысында Ч. Ким Қазақстан Интерполының трансұлттық қылмысқа қарсы күрестегі үлесін атап өтті, сондай-ақ, Е. Тұрғымбаевқа Интерполдың тиімді ынтымақтастыққа бағытталған бастамаларына белсенді қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.
Айта кетейік, 1993 жылы ІІМ-нің құрылымында Интерполдың Ұлттық орталық бюросы құрылды. Халықаралық қылмыстық полиция ұйымына бүгінгі күні 194 мемлекет кіреді. Негізгі міндет – қатысушы елдердің ұлттық құқық қорғау органдарының жалпы қылмысқа және терроризмге қарсы күрес саласындағы күш-жігерін біріктіру. Интерполдың штаб-пәтері Францияның Лион қаласында орналасқан.

ІІМ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*