Елордалық ТЖД-да – жаңа басшы

Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің жаңа басшысы болып өртке қарсы қызмет полковнигі Бауыржан Сыздықов тағайындалды.
15 қарашада Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин жеке құрамға елорадалық ТЖД жаңа басшысын таныстырды.
Бауыржан Мәдіұлы 1973 жылы 14 маусымда Шымкент облысы, Бөген ауданы, Задарья ауылында дүниеге келген. 2000 жылы Қазақ мемлекеттік медициналық университетін бітірген, гигиенист-эпидемиолог дәрігер.
2010 жылы Ресей Федерациясы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғау академиясын бітірген, «командалық-штабтық жедел-тактикалық азаматтық қорғаныс» мамандығы бойынша басқару саласының маманы, 2019 жылы Мәскеу қаласындағы «Синергия» Мәскеу қаржы-өнеркәсіп университетін бітірген, құқықтану магистрі.
Азаматтық қорғау полковнигі Бауыржан Сыздықов азаматтық қорғау органында 2001 жылдан бастап қызмет етуде. Өз қызмет жолын Оңтүстік Қазақстан облысы ТЖ басқармасының аға офицерінен бастаған. 2010-2012 жж. ТЖМ Азаматтық қорғаныс департаментінің халық пен аумақты қорғау басқармасының бастығы; 2012-2014 жж. ТЖМ Ақтөбе облысы ТЖД бастығының орынбасары; 2015 жылы ақпан айынан бастап Ақтөбе облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы қызметтерін атқарған.
Жұмыста жеткен табыстары мен қызметтік міндеттерін мінсіз орындағаны үшін 2017 жылы «Айбын» орденімен, 2002 жылы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне – 10 жыл», 2012 жылы «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне – 20 жыл» меретойлық медальдарымен, 2010 жылы «Оқуда ерекше жетістіктері үшін», 2012 жылы III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медальдарымен; 2010 жылы III дәрежелі Ресей ТЖМ АҚА «Ресей ТЖМ Азаматтық қорғаныс академиясының» ерекшелік белгісімен; 2010 жылы «Төтенше жағдайлар жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен; 2012 жылы «Төтенше жағдайлардың алдын алуда және жоюда үздік шыққаны үшін» медалімен марапатталған.
Үйленген, 3 бала тәрбиелеуде.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*