Әр үйге бас сұқты

Астаналық ТЖД «Әр үйдегі өрт қауіпсіздігі» ауқымды акциясын өткізді.
Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ департаменті өткізген «Әр үйдегі өрт қауіпсіздігі» ауқымды іс-шарасы барысына 700 адам қатысып, 3000-дай жеке тұрғын үйді аралады. ІІМ ТЖК төрағасының орынбасары Барат Дұзақбаев пен Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД бастығының орынбасары Марғұлан Аманбаев жеке құрам мен акция қатысушыларына нұсқаулық жүргізген соң, төрт топқа бөлініп, атап айтқанда, «Сарыарқа» ауданы – «Полянка» СҚ, «Алматы» ауданы – Оңтүстік-Шығыс ауданының сол жағы, «Байқоңыр» ауданы – Лесозавод, «Есіл» ауданы – «Үркер» шағын ауданы, «Пригородный» ТА, Газмашаппаратура, «Западный» СҚ-да улы газды анықтау қондырғыларын орнату, жадынамалар тарату арқылы аулаларды аралау жүргізді.
Жыл сайын жылыту маусымы басталысымен елорданың тұрғын секторында өрттің алдын алу бойынша үгіт-насихат жұмыстары өтеді, оның шеңберінде департамент қызметкерлері аулаларды аралап, рейдтер жүргізеді. Аралау барысында негізгі басымдық пештер мен түтіндіктерді, электр жылытқыштарды орнатуға жасалады. Үй иелеріне пештер мен түтіндіктерді орнату кезіндегі ақаулықтарды жою жөнінде ұсыныстар беріліп, өртке қарсы тақырыпта жадынамалар таратылады.
Аралау барысында «Ашық қабылдау» ұйымдастырылып, онда тұрғындарға өрт қауіпсіздігінің негізгі ережелері түсіндіріліп, сондай-ақ, сұрақтарға жауаптар берілді.
Департаменттің инженерлік-инспекторлық құрамы тұрғын үй секторын аралау аясында 15 тамыздан бастап 20 мың адамды қамти отырып, 13 921 үйге барды. Улы газбен уланудың немесе жану өнімдерінің қайғылы салдарларының қаупін төмендету мақсатында жыл басынан жергілікті атқарушы органдардың қаражаты есебінен 1 177 қондырғы орнатылған.
Бұл іс-шара елорданың тұрғын үй секторындағы өрттердің санын азайту мақсатында өтеді. Сонымен бірге, азаматтарға жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы еске салу қажет.

Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*