Заңсыз «отбасылық бизнес»

Павлодарлық полицейлер каннабистік топтағы есірткілерді сатумен айналысқан топтың жолын кесті.
Есірткіні өткізумен айналысқан әкесі мен баласынан құралған топ туралы ақпарат марихуана сатқан адамнан анықталып, одан 78 грамм есірткі тәркіленген болатын.
Тінту барысында қылмыстық топ ұйымдастырушысының пәтерінен «Браунинг» тапаншасы, 4 грамм героин, сату үшін өлшеніп оралған марихуана, екі электрондық таразы табылды.
Сол күні ұсталған азаматтың ұлына тінту жүргізіліп, одан 14 ұялы телефон, 9 қапқа салынған 199 келі марихуана және сату үшін дайындалған пакеттер алынды.
Күдіктінің екінші ұлының отбасылық бизнеске қатыстылығы туралы нұсқаны тексеру барысында оның үйінен 5 ұялы телефон, марихуана салынған пакеттер, ал үйдің төбесіне жасырылған сораның құрғақ бұталары тәркіленді.
Ұсталғандарға қатысты топ құрамында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жаза мүлкін тәркілей отырып, он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Қазіргі уақытта басқа тұлғалардың заңсыз бизнеске қатыстылығын анықтау іс-шаралары жүргізілуде.

ІІМ баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*