Толеранттылық таным – бірліктің тетігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауы әлемдік қауымдастықтың бір бөлшегіне айналған егемен елімізді жаңа жетістіктерге жетелейді.
Жаңа тарихи кезеңге жол ашатын бұл тарихи құжаттың тәуелсіздігіміздің төл тарихындағы маңызы бөлек. Президент еліміздегі қоғамдық келісімді нығайтудың «негізгі кілті» болып табылатын тіл мәселесіне де ерекше тоқталды. Бұл жөнінде ол: «Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін.
Бірақ, мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек», – деп атап көрсетті. Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев өз Жолдауында түрлі мәселелер, соның ішінде мемлекеттік қызмет, азаматтық қоғам, этносаралық татулық сияқты бірқатар тақырыптар қозғалды. Еліміздегі 130-дан астам ұлт өкілдерінің бір үйдің баласындай тату-тәтті ауызбіршілікпен тұрақты өмір сүруі, оған мемлекетіміздің өз діндерін, тілдерін, мәдениетін сақтауға толық жағдай жасауы нақты дәлел. Ел ішіндегі ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулық, әртүрлі дін өкілдерінің өз діндерін, салт-дәстүрін ұстана отырып, бір-бірімен түсінісе өмір сүруі ел экономикасының, халықтың әлеуметтік жағдайының қарыштап дамуына мол септігін тигізуде. Біз өзіміз елімізде қалыптасқан этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтауға тиіспіз.
Оны Президент Жолдауында біз үшін ешкім ешқашан сырттан келіп жасамайтындығын тағы да нақты атап көрсетті. Тұрақтылық пен келісім дегеніміз не? Ол – отбасылық әл-ауқат, қауіпсіздік, баспана. Бейбітшілік – әке мен ана қуанышы, ат-аналар денсаулығы және біздің балаларымыздың бақыты. Бейбітшілік пен тұрақтылық – күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік.
Сонымен қатар, ол: «Мемлекеттік қызметшілердің сапасын арттыру үшін олардың қатарына жас даярланған мамандарды тарту қажет», – деп жастарды қолдайтынын да білдірді.
Сондай-ақ, келер жылы аталып өтетін маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғаларға дайындық жұмыстары басталғандығын айта келе, келер жылы әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлы атамыздың 175 жылдық мерейтойларын атап өтілетіндігін мені ерекше қуантты.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы мұғалімдердің мәселесін де назардан тыс қалдырмай, «Педагогтардың мәртебесі туралы» жаңа заң қабылдауды тапсырғанын барлық ұстаздар қауымы зор ықыласпен қабылдады.
Әскери қызметтің беделін арттырып, Қарулы Күштердің материалдық базасын нығайту қажетілігін баса айтты. Отанына адал, кәсіби тұрғыдан дайындалған офицерлер мен әскери қызметшілер жаңа геосаяси жағдайларда ел қауіпсіздігіне төндіретін қатерлерге тойтарыс беруге дайын болуы қажет.
Ең бастысы, «Қазақстан-2050» Стратегиясы нұрлы болашақтың бағдаршамын айқындап бергені ақиқат. Рас, Мәңгілік Ел болу – өз қолымызда. Тек бірлік, ынтымақ, Отанға деген патриотизм бізді биік шыңдарға талмай жеткізеді. Мемлекет басшысының Жолдауында аталған міндеттердің жүзеге асырылуына барлық қазақстандықтармен бірге Ұлттық ұлан әскерлерінің жеке құрамы да өз үлестерін қосады деп сенемін.
Жалпы осы Жолдау арқылы экономикамыздың өсіп-өркендеп, әлеуметтік жағдайымыздың, тұрмыстық әл-ауқатымыздың артатынына сенімім мол.

Бақыт АЛАЗОВ, Орал қаласы

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*