Ескерту шаралары жүргізілді

12 қарашада ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінде «Еліміздегі жедел ахуал туралы» брифинг өтіп, онда спикер ретінде комитет төрағасы В. Беккер сөз сөйледі.
Жылыту маусымының басынан бастап (2019 жылғы 1 қыркүйектен бастап) тұрғын үй секторында 1612 өрт орын алды, соның салдарынан 42 адам көз жұмды, улы газбен уланудан (өрт шықпай) 6 адам көз жұмды.
2019-2020 жж. жылыту кезеңі басталғаннан бері өрт салдарынан 49 адам жарақат алды, өрт шықпай улы газбен уланудан 45 адам ауруханаға түсті.
Жылыту кезеңі қарсаңында тұрғын үй секторында профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Халықтың әлеуметтік осал топтарының (қарттар, мүгедектер), көпбалалы отбасылардың тұрғын үйлерінде алдын алу жұмыстарын жүргізу жөніндегі шаралар кешенін іске асыруға мүдделі қызметтер мен үкіметтік емес сектор тартылды.
Нәтижесінде аумақтық бөлімшелер жергілікті атқарушы органдардың ақпараты бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарының 169 010 тұрғын үйін есепке алды. Оның ішінде 7 қарашадағы жағдай бойынша 163 622 үй профилактикалық жұмыспен қамтылды, оның барысында 409 мың азаматқа нұсқау берілді.
132 527 өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзушылығы анықталдыып, оның 23 478-і сол жерде жойылды. Бұзушылықтардың 90%-ы электр техникалық желілер мен электр жабдықтарын және автономды жылу жүйелерін пайдаланумен байланысты екенін атап өту қажет.
Қауіпсіздік ережелерін халыққа жеткізу тікелей байланыс жасау арқылы жүзеге асырылады. Тұрғын үй секторында 4 712 жиналыс өтіп, оған жалпы алғанда 102 496 азамат қатысты. Жұмыс орындарында 75 971 азаматтың қатысуымен 5 850 нұсқаулық ұйымдастырылды.
Аң аулау және балық аулау маусымы басталғаннан бері (1 қыркүйектен 11 қарашаға дейінгі аралықта) еліміздің су айдындарында (мұзда) балық аулау кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу салдарынан 23 адам көз жұмды.
Адамдардың қаза болуына жол бермеу және қысқы кезеңде су айдындарында (мұзда) төтенше жағдайларға тиімді әрекет ету мақсатында профилактикалық іс-шаралар кешені өткізіледі. Қазіргі уақытта ТЖД мұз өткелдерін және жаяу өткелдерді, мұз астындағы балық аулау орындарын түгендеу бойынша жұмыстар жүргізуде.
Жергілікті атқарушы органдармен және мүдделі ұйымдармен бірлесіп өткелдер мен асуларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдануда. 36 мұзды автомобиль өткелі, 109 жаяу жүргінші асуы және 968 мұз астынан балық аулау орны анықталды. 4681 ескерту белгісі мен көрнекі маңдайша орнатылды. Балықшылармен және мұз өткелдерінің тұрақты қатысушыларымен профилактикалық әңгімелесулер өткізіледі, өткелдер мен мұз өткелдерін ұстауға жауапты қызметкерлермен нұсқаулық ұйымдастырылды.
Қыс жақындап келеді. Еліміздің орталық, батыс, солтүстік және шығыс аймақтарында үсік ерте келеді, сондықтан республика жолдарында көлік құралдарының қозғалысы ерекше назар аударуды талап етеді.
Қыс мезгілінде төтенше жағдайларды болдырмау үшін ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті ауа райының өзгеруін, метеорологиялық мәліметтерді, ауа райының нашарлауы, жолдардың жабылуы туралы арнайы хабарламаларды үнемі қадағалап отыруға кеңес береді. Дауылды алдын ала ескерту хабарламасы берілген кезде алыс сапарларға шықпау керек.

ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Алғашқы болып пікір жазыңыз

Пікір жазу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.


*